Соғыстың соңғы сарбаздары

Әлеумет
13.05.2020, 08:47
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Семей ЖТ бөлімшесінің басшылығы байырғы әріптестері, жергілікті соғыс ардагерлерінің үйлеріне арнайы бас сұғып, амандық сұрасты. Қарт жауынгерлерге мерекелік сыйсияпаттарын да тарту етті.

Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов, семейлік кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов пен Семей байланыс және белгі беру дистанциясының бастығы Бейбіт Түменғали және осы мекеменің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, ардагер-теміржолшы Мақсұт Көшжановтар бастаған топ ең әуелгі кезекте қарт майдангер Дмитрий Литвиненконың үйіне келді.

Өңіріне Қазақстан туы түстес көгілдір жеңіс лентасын таққан қарттың денсаулығы жақсы, әлі тың екен. Жеңістің 75 жылдығымен арнайы құттықтай келген сала басшыларына, теміржолшыларға соғыс даласында түскен жастық шағындағы фотосуреттерін көрсетіп, сол бір сұрапыл жылдарды, ұрыс даласында бақилық болған қаруластарын, өткен күндерді еске алды.

Дмитрий Литвиненко 1943 жылы 17 жасында соғысқа аттанып, жаяу әскерлер сапында батыс Еуропаны басқыншылардан азат етуге қатысқан.

Майдан даласында-ақ байланысшы болған жауынгер елге оралған соң да теміржол саласында қызмет атқарып, радист болып ұзақ жылдар бойы еңбек етіпті. Бөлімше басшылары қарт жауынгерді мерейлі мерекемен құттықтап, Жеңістің 75 жылдығына арналған арнайы сыйлықтары мен азық-түлік себетін ұсынды. Келесі кезектегі ардагер ШЧ-29 мекемесінің байырғы теміржолшысы Кәмкетай Байыров болды.

Әдеттегіше, әріптестерін теңізші формасымен қарсы алған қарт өткен-кеткеннен қозғап естелік әңгіме де шертті. Осындай мереке күндері арнайы құттықтап келетін теміржол саласының басшыларына алғысын да білдірді.

– Мен теміржолға қызметке келген жылдары осы салада 2 мың 200-дің үстінде майдангер еңбек етуші еді. Бүгінде солардан тек екі адам ғана арамызда жүр. Екеуі де ШЧ-29 мекемесінің ардагерлері, - деп атап өткен Мақсұт Көшжанов ақсақал 94 жасқа аяқ басқан қарияға зор денсаулық, ұрпақ қызығын көруді тіледі.

Соғыстың соңғы сарбаздарына амандық сұраса барған семейлік теміржол саласының басшылары олармен естелік суретке түсті.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті