Тарихтың тірі куәгеріне тағзым

Әлеумет
13.05.2020, 09:53
Асхат Райқұл

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ - Жамбыл бөлімшесі филиалының директоры Үмітбек Рысбеков бастаған топ өңірдегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады.

Бөлімшенің бастауыш кәсіподақ комитетінің, персоналмен жұмыс істеу бөлімінің, ардагерлер кеңесінің төрағалары және еріктілер бар топ бес ардагердің шаңырағына барып, Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады және тарту-таралғыларын табыс етті. Олардың бәрі соғыстан кейін бейбіт өмірде отандық теміржол саласын дамытуға қызмет кеткен.

Олар алдымен ат басын бұрған Тараз қаласында тұратын майдангер Базарбай Бурбаев биыл 95 жасқа толған екен. Осынша жасқа келгеніне қарамастан, есту қабілеті жақсы, көзі де алыс-жақынды ажырата алады. 1942 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылған ол 393-ші полк құрамында минометші болған екен.

Алайда, ол елдің батысында емес, Манчжурияда, Қиыр Шығыс майданы әскерлерінің құрамында кеңес-жапон соғысына қатысқан. Базарбай Бурбаев соғыстан 1947 жылы ғана оралады. Ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен және басқа да медальдармен марапатталған.

«Соғыс туралы еске алғанды ұнатпаймын. Өйткені, онда көптеген жолдастарымнан айырылдым. Қиын күндерді бастан өткердік. Алайда, майданнан кейінгі өмір жолым туралы қуана айтамын, соғыс даласынан оралғаннан кейін Жамбыл локомотив депосында машинист болып жұмыс істедім. Осы саланың ілгерілеуіне күш салдым. Зейнеткерлікке шыққанша қызмет еттім», - деп ағынан жарылды Базарбай қария. Қария жеті бала тәрбиелеп өсіріп, олардан он бес немере сүйіп отыр.

Он бес шөбересі тағы бар. Олар аталарын қатты жақсы көреді, барынша қамқорлық жасап отыр екен. Құттықтаушы топ осы күні Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері, теміржол саласының қарт майталмандары Федосья Финютинаның, Михаил Гладченконың, Иван Макеевтің, тоқсан тоғыз жастағы Алексей Пащенконың және Шу қаласында тұратын, Түрксіб теміржолы құрылысының көзі тірі куәгері Дмитрий Серебряковтың шаңырақтарына да барып, қарияларға азық түлік себеттерін, күнделікті тұрмысқа қажетті сыйлықтарын, естелік кітапшасын, гүл шоқтарын, "ҚТЖ- Жүк тасымалы" АҚ бас директоры Қ. Сәуірбаевтың құттықтау хатын табыс етіп, ыстық лебіздерін білдірді. «Бұл аталарымыз бен апаларымыз біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін от кешті.

Осы кісілердің ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихи күнде олардың бәрі де ең үлкен құрметке лайық. Олардың есімдері тарихтың сарғайған беттерінде мәңгілік сақталады», - деп атап өтті филиал директоры Үмітбек Рысбеков.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты