Бәрі батыр, бәрі қаһарман

Әлеумет
27.05.2020, 11:16
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жеңіс мерекесі өтсе де, оның жаңғырығы жер-жерде әлі де жалғасуда. Семейлік теміржолшы жастар «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша қолға алынған «2020 қайырымды іс» бағдарламасы аясында «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасын әрі қарай да сәтімен жалғастырып жатыр.

Осыған дейін бөлімшедегі Жастар ұйымының белсенділері қаладағы соғыс ардагерлеріне, Ленинград блокадасында және фашистік концлагерь тұтқынында болғандарға мерекелік сыйлықтар таратқан болатын.

Қаладағы карантиннің жалғасуына орай, жастар қауымы акцияны сақтық шараларын толық сақтап жалғастыруда. Өткен аптада олар қалада тұратын тыл ардагерлеріне көмек көрсетіп, азық-түлік қоржынын таратты.

Жалғызілікті қарттардың үй-тұрмыс жұмысына көмектесіп, ауласын тазалап, шарбағын түзеп, қоқысын шығарып дегендей шаруаларына қолғабыс жасауда.

Айта кету керек, аталмыш шаралар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының демеушілігімен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен ұйымдастырылып жатыр. Семейдегі акция барысын бөлімше басшысы Сиязбек Әлішев қолдап, жастарға жәрдем көрсетуде. Бөлімшенің кадр қызметіне теміржолшылар арасында көмекке мұқтаждар тізімін жасап, оларға да қолқабыс жасауды тапсырды.

- Осыған дейін теміржолшы жастар қауымы бірлесіп «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Семей қаласында тұратын жалпы саны 25 соғыс ардагеріне арнайы әзірленген сыйлықтарымызды жеткізген болатынбыз. Ал, осы жолы тыл еңбеккерлерін араладық.

Әңгіме-дүкен құрып, өткен өмірлерінен тағылымды естеліктерін тыңдадық. Жастық шағын Жеңіске қол жеткізу үшін бейнетті еңбекке арнағандар қандай құрметке болмасын лайық деп білеміз. Біз үшін олардың бәрі батыр, бәрі қаһарман. Кейінгі буын үшін өнеге болсын деп, барлығының соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі теміржол саласын өркендетуге арнаған еңбек жылдары жайлы бейне түсірілімдер жасадық. Қазіргі уақытта бейнефильмдер даярлап, деректі туындылар әзірлеу үстіндеміз. Олардың барлығы алдағы уақытта әлеуметтік желілер арқылы бүгінгі өскелең буынға паш етілетін болады, - дейді аталмыш іс-шараны ұйымдастырушы теміржолшы жастар қауымы.

Жастар үшін көнекөздердің шерткен әңгімелері тарихи кинолардың оқиға желілерімен пара-пар болғаны анық. Тыл ардагерлерінің арасында небір қилы тағдыр иелері бар екен. Бірі сұрапыл жылдары киім цехында күн-түн демей майданға жылы киім-кешек тігіп жөнелтумен айналысса, енді бірі жасөспірім шағында-ақ өгіз жегілген соқамен егін егіп, қол орақпен астық жинаған. Олардың қай-қайсысы да қаһарман деген атқа лайық. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті