Мерекеде қуаныш сыйлады

Әлеумет
02.06.2020, 13:16

Жыл сайын балаларды қорғау күні мерекесіне орай қыдырып, қызық көріп, түрлі сыйлық алып мәз болатын кішкентай бүлдіршіндерді биыл да құр қалдырмас үшін теміржолшылар түрлі амалын жасап жатыр.

Солардың бірі – Қызылорда белгі беру-байланыс дистаницясы. ШЧ-39 ұжымының кәсіподақ төрайымы Мария Шайкемелова, кадр бөлімі маманы Жанар Есенқараева бастаған топ балалар күні қарсаңында 6 отбасының 30-ға жуық бүлдіршініне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ұжым басшылығы мен кәсіподақ ұйы мының келісімімен алдын ала көпбалалы жанұяларға көмек қолын созып, сыйлық жасау келісіліп, күні-бұрын дайындалып қойған базарлық – түрлі тәттілер мен ойыншықтар, қызықты кітапшалар үлкен отбасылардың кішкентай мүшелерін қуанышқа бөлегені анық.

Олардың қатарында метролог Қаршыға Оразованың, СОБ электромеханигі Ермек Есенжолдың, байланыс электромеханигі Жарқынбек Әділбектің, Лаз электромеханигі Нұрлыбек Елемесовтің, жүргізуші Расул Алмасбаевтың отбасыларының бүлдіршіндері болды.

– Жыл сайын балаларды жинап қалада қыдыртып, көрікті жерлерге серуендететінбіз, одан қалды киноға апарамыз, балмұздақ жей міз, қысқасы, қызық көп болатын.

Биыл мына жағдайға байланысты бәріне тыйым болып тұрса да, қолдан келгенше балаларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық, – дейді кәсіподақ төрайымы Мария Шайкемелова. 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын