Қайыр қылсаң, бүтін қыл

Әлеумет
02.06.2020, 14:52
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар «Біз біргеміз!» республикалық акциясын әлі де жалғастыруда. Облыс бойынша карантин шаралары 13 маусымға дейін ұзартылғандықтан бұл бағыттағы шаралардың берері мол болып тұр.

Бүгінде екі мыңның үстінде теміржолшы тұратын Аягөз станциясы осынау республикалық деңгейдегі акцияға атсалысуда аймақтағы барлық ұжымдардан алда келеді.

Мәселен, жуырда «Nur Otan» партиясының Аягөз аудандық филиалының ұйымдастыруымен Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымының демеушілігімен қалада тұратын аз қамтылған және көпбалалы 10 отбасыға бірінші кезектегі қажеттіліктегі азық-түлікпен бір жолғы көмек көрсетілді.

Теміржолшылар аудандық әкімдіктен алынған арнайы тізім бойынша әзірленген көмек қоржынын өздері үлестіріп шықты. Мұндай шаралар наурыз айынан бастап үзбей жалғастырылып келе жатқанын айта кету ләзім.

Ал білікті басшы Айдос Жұлдызбаев жетекшілік ететін ШЧ-30 мекемесі «Біз біргеміз!» акциясы аясында Аягөз теміржол торабындағы барлық мекемелер арасында алдыңғы орында тұр.

– Елбасының бастамасымен қолға алынған акция аясында соңғы үш ай көлемінде көптеген қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

«Қайыр қылсаң, бүтін қыл» демекші, біз мұны тек карантин кезінде ғана қолға алмай, жыл бойы жағдайы төмен жандарға көмектесуді жалғастыра беретін боламыз, – дейді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрағасы әрі жетекші инженер Еркін Айымов. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті