Жолсерігің жақсы болса...

Әлеумет
05.06.2020, 11:05
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздағы жолаушының діттеген жеріне алаңсыз жетуіне жағдай жасайтын жан – жолсерікке көп нәрсе байланысты. Жолаушы пойызға мінгеннен сол жолсеріктің «үйіне» уақытша қонаққа келген болады. Ал қонақтың жағдайы жасалып, жайлы жатып, жақсы тұруы – үй иесінің қонақжайлығына байланысты екенін кім жоққа шығарады. 

Кейде пойыздағы жолаушы мен жолсерік бірбірін қимай қоштасып жатқанына куә боламыз. Яғни, ондайда жолсерік пен жолаушының ортақ тіл табысып, бір-біріне риза болғанын айтпай-ақ байқауға болады.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, жас болса да қызметінде абыройлы мамандардың біріне айналған жолсерік Асқарбек Өмірзақов – «Жолаушылар тасымалы» АҚ – Батыс филиалына қарасты «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы №33/ №34 «Батыс-2» жолаушылар пойызының жолсерігі. Қызметінің қыр-сырын шебер меңгерген кәсіби маман жолаушылардың алғысына жиі бөленеді.

«Міндетіміз – жолаушыларға қызмет көрсету. Сапар барысында әртүрлі оқиғалар болады. Жолаушылардың мәдениеті де әртүрлі. Батасын айтып, мерейімізді өсіретіндер де, жаман сөздермен көңілімізді түсіретіндер де бар. Қайнап жатқан өмір. Бір рейсте төрт күн жолда жүріп, төрт күн демаламыз. Ұзақ жолға пойызбен жүру қызықты және ауыр да кейде», – дейді Асқарбек Өмірзақов.

Вагонның тазалығы, төсек-жабдықтың уақытында таратылып-жиналып, ыстық шайдың үнемі қайнап тұруынан бөлек, жолсеріктің вагон ішіндегі жолаушылармен ортақ тіл табысып, өтініш-тілектеріне құлақ асып, бір күн, жарты күн болса да риза болып аттануы үшін барын салатын елгезектігі жұрттың бәріне ұнайды. Кейіпкеріміздің еңбек жолы он жыл бұрын басталған.

Сондықтан бұл салада тәжірибелі болып саналатын жолсеріктің жас мамандарға үйретері де аз емес. Заман талабына сай техника тіліне де жетік. «2007 жылы су жаңа құрам келді, «Батыс-2» пойыздары әкелінген болатын. Ақтөбе мен Алматының арасына қатынайтын осы пойызға жолсерік болып келдім. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша техникалық инженер мамандығым болды.

Пойыз бастығынан басқа бригада түгел жаңадан дайындалған еді. Алғашқы жылы жолдағы өмір, түрлі адамдармен қарымқатынас, жалпы жолаушы сервисіне қызмет көрсетудің қыр-сырын үйрену оңай болған жоқ, кейбіреулер жұмыстан шығып та кетті. Міне, бұл қызметте жүргеніме биыл 12 жыл. Осы жылдары көп нәрсеге үйрендік, салаға да бауыр басып кеттім», – деп сыр шертті Асқарбек Өмірбекұлы.

Оның айтуынша, бүгінде жолсерік қызметіне талап күшейген. Билетсіз жолаушы мәселесінің бүгінде мүлдем жойылғанын айтады. Ол мұны соңғы кездері бұл саладағы жүйелі тәртіптің жемісі деп түсіндірді. 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға