Аналар еңбегі - ерліктің хас үлгісі

Әлеумет
18.06.2020, 10:31
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлы Жеңіс оңайшылықпен келмегені белгілі. Соғыста қан майдан қызып жатса, тылда еңбек майданы жүріп жатты. Сол күндердің жаңғырығы талай жүректерде әлі күнге сақталған. Әсіресе, тылдағы аналар еңбегі – ерліктің нағыз хас үлгісі болғанына тарих куә.

Маңғыстаулық ардагер-теміржолшы Қожахмет Уәзірді кім білмейді?! Маңғыстау теміржолына ерен еңбегі сіңген Құрметті теміржолшы, Құрмет орденінің иегері, Маңғыстау облысы және Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы 1978 жылдан 2015 жылға дейін аянбай тер төгіп, түбек теміржолын дамытуға бір кісідей еңбегі сіңген абыройлы ақсақалдан біз бұл жолы өзі туралы емес, оны тәрбиелеп, жеткізген анасы – тыл еңбеккері Қанбөпе Уәзірова жайлы естелік сұрадық.

Тыл ардагері Жеңістің 75 жылдығын көрмесе де, сұрапыл жылдары жеңіс үшін отқа да, суға да түскен ананың есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақтаулы, еліжұрты құрметпен еске алып, көзкөргендер естеліктерімен бөліседі. Қанбөпе Балқызы да бертін келе теміржолшы болыпты, 1966-1972 жылдары түбек теміржолында жол монтері болып еңбек етіп, Маңғыстау жол дистанциясынан зейнетке шыққан.

−Анам соғыс кезіндегі елдегі ауыр жағдай, тек жеңіс үшін деген ұранмен аш-жалаңаш еңбек еткен кілең кемпір-шал, бала-шаға жайлы көп әңгіме айтатын. Маңғыстаудың Тұщыбек ауылында дүниеге келген анамның әкесі Бал мен шешесі Апақай ел қатарлы жұмыс істеген шаруа адамдар болған. Өзі ауылдағы орталау мектепте сауат ашқан. Соғыс жылдары колхоз жұмысына жегіліп, таңды таңға ұрып, мал шаруашылығында еңбек етіпті. Тұщыбек жерінде бұлақ суы көп. Соны пайдаланып анамыз соғыс кезінде бөгет жасап, суды жинап, егін салыпты. Бағына қарай жерге тастаған дәні көктеп шығып, қырық күндік тарыдан біраз өнім жинайды. Ол уақытта тары таптырмайтын, әрі тойымды тағам. Ауыл елге үлестіріп, бір қауым ел талғажу еткен екен. Қауын-қарбыз да өсіріп, оны да колхозшыларға үлестірген. Майдандағы азаматтарға ауылдағы қыз-келіншектер жиналып киім-кешек тігіп, биялай, бөкебай тоқып майданға жөнелтіп отырған. Мал сауып, сүттен құрт, ірімшік істеп, апта сайын Форт-Шевченко қаласына тапсырып тұрған. Анам осыларды айтып отырғанда, баламыз ғой аса мән бермейді екенбіз. Бертін келе, есіміз кіргенде түсіндік қой, қандай сұрапыл болғанын, – дейді Қожахмет Уәзір анасы жайлы естелік шертіп. Айтуынша, Қанбөпе әжейдің ұйымдастырушылық қабілеті мықты болған екен.

Сонысын пайдаланып, соғыс кезінде талай іске мұрындық болған. Бертін келе ауылдағы Әйелдер кеңесінің төрайымы болып сайланған, облыстық стахановшылар слетіне қатысқан.

− Анам көпшіл адам еді. Қашан да дастарханы жаюлы, қонағы арылмайтын. Сол пейілінің арқасында соғыс біткеннен кейін елге концерт қоюға келген әртістер де біздің үйге келіп, ол кісінің дастарханынан дәм татпай кетпеген. Сондай бір жолы Ғарифулла Құрманғалиев келіпті бір топ өнерпаздармен, қатарынан екі күн концерт қойып, одан үйге келіп мейман болып, домбырасымен таң атқанша ән айтып, оған бүкіл ауыл жиылып, нағыз мереке болғанын анам тамсанып айтып отыратын. Сол келгенде Ғарифулла Құрманғалиев мені алдына отырғызып: «Еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болсын!» – деп, бата беріпті.

Қанбөпе Уәзірова 7 – бала тәрбиелеп өсірген ана. Барлығы да оқып, бір бір мамандық алған. Ғасырға жуық ғұмыр сүріп, 2014 жылы 97 жасында өмірден өткен тыл ардагері, Ұлы Жеңістің 40, 50, 60 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. 

Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп