"Абай әлеміне саяхат" челленджін бастады

Әлеумет
22.06.2020, 10:05
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қоғамдық өмірден қашан да шет қалмайтын шығыстағы теміржолшылар қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай жаңадан челлендж бастады. Бұл ретте аймақтағы сала қызметкерлері «Ұлы Абайдың ізімен» атты рухани жоба аясында ұлылар туған өлкеге саяхат жасап, әлеуметтік желілердегі парақшаларында хакімнің өміріне қатысты тарихи орындар жайлы қызғылықты фотосуреттер мен танымдық деректер, ойтолғамдарын жариялауы тиіс.

Семейлік теміржолшылардың бұл идеясы әсіресе жастар қауымы арасында қызу қолдау табуда. Мәселен, өткен демалыс күндері сала қызметкерлерінің бір шоғыры Абайдың мерейтойына орай ақын өмір сүрген өлкеге рухани сапарға шығып қайтты.

Айта кетерлігі, Шыңғыстау төріне жасалар мұндай экспедициялар теміржолшыларға қолайлы болуы үшін негізінен аптаның сенбі-жексенбі күндеріне ұйымдастырылады.

Бұл жолы жол талғамайтын көлікпен шыққан топ екі күннің ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының желісі бойынша өздері белгілеп алған тарихи орындардың барлығында дерлік болып қайтты.

Топ басшысы, Семей ЖТ бөлімшесінің жетекші инженері, жас теміржолшы Бауыржан Көкеновтің айтуынша, экспедиция ең алдымен Абайдың кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақ өлкесінде болып, ондағы жаңадан тұрғызылған нысандарды толық аралаған. Сол тәрізді жас Абай мен Тоғжанның махаббатына куә болған әйгілі Орда тауының басына шығып аялдапты.

Жыр-дастанға арқау болған қос мұңлық – Еңлік-Кебек кесенесіне де зиярат еткен. «Әйгерім бұлағының» басындағы этноауылда алтыбақан теуіп, асық ойнауға да мүмкіндік туған. Әрине, Жидебайдағы Абайдың өзі салдырған қыстау, бүгінгі әдеби-мемориалдық мұражайда болып, ақынның өмірі мен шығармашылығына да қаныққан. Сол тәрізді «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енген Қоңыр әулие үңгірінде болып, жерасты көлінің шипалы суына шомылудың да сәті түсіпті. Бұл орын «Абай жолы» романында кеңінен суреттелетіні белгілі.

– Биыл ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Абай тойына арнап теміржолшылар қауымы осындай ерекше шараны қолға алдық. Сол орайда, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Тойдан бұрын ой болуы керек» деп айтқанындай, Абайдың өмірі мен қалдырған тағылымына мән беруді көздедік. Еңбек демалысын алған семейлік сала мамандары арнайылап Абай өскен өлкеге отбасымызбен барып қайттық. Мәдени туризм аймағымызда қарқынды дамып жатыр екен. Алған әсеріміз керемет, – дейді бұл ретте пікір білдірген топ жетекшісі Бауыржан Көкенов.

Қазақтың дана ақыны жайлы эрудициялық көкжиекті кеңейтіп, рухани-эстетикалық талғам қалыптастыратын мұндай сапарлар теміржолшылар үшін берері мол екен.

– Тіпті, 4-сыныпты Шөптіқақ станциясының «Абай жолы» роман-эпопеясында бірнеше мәрте аталатынын, бір заманда ақынның қонысы болғанын естіп-біліп таң-тамаша болдық. Туған өлке тарихын да аталмыш рухани сапар барысында кеңінен зерделеуге мүмкіндік туды, – дейді теміржолшылар.

Рас, сала қызметкерлеріне сайын дала төсінде жүрсе де арақашықтықты сақтап, санитарлық талаптарды орындауға тура келген. Сол тәрізді күшінде қалдырылған кейбір шектеулерге байланысты ұжым болып баруға да әзірге мүмкіндік болмай тұр. Дегенмен, бас ақынның тойы өткізілетін тамыз айына дейін аталмыш рухани жоба аясында Абай туған өлкеге талай теміржолшының ат ізін салатыны анық. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті