Абайдың 175 жылдық мерейтойына әзірлік

Әлеумет
10.07.2020, 11:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жыл бойынша Семей магис- тральдық желі бөлімшесі басшылығының жоспарлы шаралары арасында Семей вокзалын күрделі жөндеуден өткізіп, алдағы тамыз-қыркүйек айларында аталып өтілетін Абайдың 175 жылдық мерейтойына даярлау басты орында тұр.

Бұл бағыттағы шаралар көктемнің соңында мезгілімен қолға алынған болатын.

Аталмыш бағыттағы шараларды НЖС-6 бөлімшесі шаруашылық есебімен өзі жүргізіп жатыр. Бүгінде күрделі жөндеу аяқталуға таяу. Негізгі межелер қатары тәмамдалды.

Атап айтсақ, вокзалдың ішкі әрлеу жұмыстары толықтай аяқталды. Бірінші кезекте жарықтандыру, әрлеу мен бояу және кафельдерін ауыстыру ісі мезгілінде мәреге жетті. Ал қазіргі күні сыртқы жұмыстар қолға алынып, жолаушылар платформасы қайта жаңартылып, бетондары ауыстырылуда.

Бұл жұмыстардың сыртында вокзалдың қасбеті толықтай өзгертілмек. Яғни, вокзалдың сыртқы келбеті мүлде өзге кейіпке енеді. Бұл орайда бірінші кезекте ҚТЖ логотипі ауыстырылмақ. Қосымша бағаналар қойылып, жарықтандыру күшейтіледі. Бір айта кетерлігі, вокзал бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толықтай жағдай жасалады.

Атап айтсақ, брайл тақтайшасы, шақыру түймешіктері де қойылатын болады. Бұл жұмыстардың барлығы осы шілде айының аяғына таман толықтай аяқталады деп күтілуде. Қазіргі күні материалдар жеткілікті түрде бөлінген. Жұмыс күші ретінде НЖС-6-ның жөндеу және құрылыс жүргізу бригадасы жұмылдырылуда. Сол тәрізді жарықтандыру ісін жергілікті ЭЧ-18 мекемесі жүргізіпті.

– Қазіргі таңда шамамен 70 пайыз жұмыстар аяқталды. Енді санаулы күндері толықтай аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қалалықтар мен қала қонақтарын мүлде өзгерген, қолайлылығы артқан жаңа вокзал ғимараты күтіп тұр. Бұл, сөз жоқ, Абай хакімнің 175 жылдығына орай теміржолшылар қауымы жасаған үлкен тарту болмақ, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Ерлан Битеміров.

Ал вокзал басшысы Ержан Құрманалыұлы қазіргі күні карантинге орай барлық санитарлық талап-ережелер орындалып жатқанын айтады. Жолаушылардың орындары арнайы лентамен бөлінген, касса алдында да 1,5 метрлік арақашықтық сақталуда.

Сол тәрізді кіру-шығу есігінде де нөпірдің орын алуына жол берілмейді. Бір айта кетерлігі, Семей вокзалы осыған дейін 2013 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Алайда, жолаушылар нөпірі аса жоғары, күніне шамамен 2 000-ның үстінде адам алыс-жақынға аттанатын бекет қайта әрлеуді қажет ететін-ді.

Сол тәрізді Семей теміржол вокзалы мен Семей ЖТ бөлімшесінің бас ғимараты ортасында орын тепкен жалпы аумағы 1500 шаршы метрді қамтитын алаң да қазір өзгеше кейіпте.

Алаң орталығындағы шағын аллея абаттандырылып, гүлзарлар егілген. Жиектастар ауыстырылып, арнайы сәкілер қойылған. Тозыңқырап кеткен, сұрықсыз Теміржол алаңы әсіресе сала ардагерлерін ерекше алаңдатқан болатын.

Сол себепті қалалық әкімдікке, теміржолшы ардагерлер тарапынан құзырлы орындарға бірнеше мәрте ұсыныс жасалынып, хат жолданған еді.

Бұл аумақ та теміржолшылардың күш салуымен қайта жаңарып отыр.

Қазіргі күні вокзал бойынша үш жұп жолаушылар пойызы тұрақты түрде қатынауда. Бұл көрсеткіш, әрине, карантиндік шаралар аяқталған соң артатыны белгілі. 

Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы