Шар вокзалы - теміржолшылар қаласы

Әлеумет
17.07.2020, 11:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей ЖТ бөлімшесінің 769,7 шақырымында орын тепкен, үш бағытқа қызмет көрсететін Шар станциясындағы барлық теміржол ғимараттары – толықтай дерлік Түрксіб құрылысының төл туындылары. Соның ішінде өткен жылы ірге көтергеніне 90 жыл болған Шар теміржол вокзалы теміржолшылар қаласының «визиттік карточкасы» деуге болады.

Жергілікті өлкетанушы, теміржол саласын зерттеуші ардагер Х.Кенжебаевтың айтуына қарағанда, Шар қаласындағы алғашқы көше және алғашқы үйлер Түрксіб құрылысымен бірге 19271928 жылдары салыныпты. Осылайша, жаңадан елді мекен бой көтеріп, кейіннен қызметі дүрілдеген тораптық станция қалыптасады.

Ал, жолаушылар вокзалы мен өзге де теміржол ғимараттары 1928-1930 жылдар аралығында түрксібшілердің маңдай тер, білек күшімен ағаштан салынған екен. Жергілікті тұрғындардың дені – кезінде Түрксіб темір жолын салуға қатысып, кейіннен Шар паровоз депосында, станцияда, басқа да құрылымдарда еңбек еткен теміржолшылардың ұрпақтары.

Шар паровоз депосының құрылысы 1934 жылы басталып, 1935 жылы наурызда аяқталған. Шарға арнайы 20 паровоз бөлініп, жаңа өндіріс ошағының қызмет көрсететін шекарасы Шар-Жарма, Шар-Семей телімдері аралығы болған екен. Осы бағыттардағы пойыздар қозғалысын күні бүгінге дейін Шардағы ТД-17 локомотив депосының ұжымы қамтамасыз етіп келеді.

Даңқы Түрксібпен бірге өрілген Шар теміржолшыларының еңбектегі жеңістері де мақтаныш етуге тұрарлық. Ұлы Отан соғысы жылдарында Шар паровоз депосы үлкен жетістіктерге жетіп, Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын бірнеше мәрте жеңіп алған. Ал, 1945 жылы депоға Бүкілодақтық Жол қатынасы Комиссариатының Қызыл Туы мәңгі сақтауға берілген.

Шардан шыққан тұңғыш машинист Асқарқожа Темірханов «Үздік стахановшы» атанған санаулы теміржолшының бірі ретінде есімі қазақ теміржолының тарихында мәңгі қалды. Сол тәрізді стахановшы-машинист Адамбек Кудеринов, Қапан Жәнібековтер Жол қатынасы Халықтық Комиссариатының номер 34-ші резервтегі паровоз колоннасын Қазақстаннан Германияға жеткізген паровоз машинисі ретінде ерлігі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталып, «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болыпты.

Кейінгі жылдарда да Шардағы теміржол мекемелерінен көптеген майталман мамандар шыңдалып шықты. Соның ішінде небары 25 жасында Шар локомотив депосының директоры болған, мекеме жұмысын айтарлықтай биік белестерге көтерген Құрметті теміржолшы, бүгінде салалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып отырған Қырықбай Әлсейітұлын ерекше атап өтуге болады.

– Біздің вокзалымыз Түрксібтің төл туындысы саналады. Талай мықты теміржолшылар шыққан Шардың қақпасы сынды. Бір өкініштісі, ертеректе көзін көрген ардагер теміржолшылардың вокзал мен станцияның шежіресін шертіп, Түрксіб дәуірінен басталатын тарихы туралы айтқан әңгімелеріне жастықпен аса мән бере қоймаппыз. Бүгінде тоқсан жылдық бедерінде аса қымбат тарихымызды қайта түгендеп жатырмыз, – дейді аталмыш салада 20 жылдан аса еңбек өтілі бар Шар вокзалының бастығы Гүлнара Мұстафина.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті