#Abai175: теміржолшылар челленджі жалғасуда

Әлеумет
10.08.2020, 12:21
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Үкіметтің ресми қаулысымен 10 тамыз – «Абай күні» болып белгіленді. Биылғы жылы аталып отырған қазақтың ұлы ойшылы, алаштың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, семейлік теміржолшылар арасында ерекше бір челлендж бастау алған болатын. Жергілікті сала қызметкерлері «Ұлы Абайдың ізімен» атты рухани жоба аясында ұлылар туған өлкеге саяхат жасап, әлеуметтік желілерде тарихи орындар жайлы қызғылықты фотосуреттер жариялап, жазбалар қалдыруы тиіс болатын.

Осыған дейін Абай туған қастерлі өлкеде Семей ЖТ бөлімшесінің техникалық қызметкерлері, қозғалысшылар мен жолшылар болып, әлеуметтік желіде танымдық сапардан фотосуреттерімен бөліскен болатын. Бұл жолғы кезек бөлімшенің ревизорларына келіпті.

Өткен демалыс күндері ревизорлық аппарат қызметкерлері дана ақын өмір сүрген өлкеге рухани сапарға шығып қайтты. Рухани-танымдық саяхатқа олар отбасыларымен бірге барған екен. Теміржолшылар екі күннің ішінде «рухани орталық» Семей мен қарт Шыңғыстау аралығындағы барлық тарихи орындарда болып, ел мен жер шежіресіне қанығып, ұлы ақынның өмірінің кейбір кезеңдері өткен өлкелердің табиғатына тамсанып, ауасымен тыныстап қайтты.

Топ басшысы, локомотив шаруашылығы бойынша ревизор Данияр Бекішевтің айтуынша, экспедиция ең алдымен Абайдың кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақ өлкесінде болып, ақын өмір есігін ашқан киіз үйдің орнына дейін тамашалаған.

Мұнымен қатар, Шәкәрімнің дастаны мен қаламгер Мұхтар Әуезовтің драмалық шығармасына арқау болған Еңлік-Кебек кесенесіне де зиярат еткен.

– Әсіресе, «Абай жолы» кітабына арқау болған «Әйгерім бұлағының» басындағы этноауылда алтыбақан теуіп, асық ойнаған сәттеріміз ерекше әсерге бөледі. Бұл, әсіресе, балалар үшін ерекше демалыс болды, – дейді Данияр Болатханұлы.

Ревизорлар Жидебайдағы Абайдың әдебимемориалдық мұражайында болып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қанығыпты. Осылайша, Абай жүрген жолмен «жыр Меккесі» саналар Жидебайға жол тартқан қонақтар жолшыбай Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларына арқау болған бірқатар орындарға да ат шалдырып өткен. Мысалы, «Қорғансыздың күніндегі» Ғазиза су ішкен Күшікбай бұлағы, Көксерек оқиғасы орын алған Сырт Қасқабұлақ, Құнанбай мен оның ұлдары жерленген Абайдың қыстауы Ақшоқы сынды тарихи орындарға табан тіреп, өткен тарихымен танысты. Әсіресе, М.Әуезовтің туған жері Бөрілідегі ұлы жазушының өмірге келген мұражай-үйінде ұзағырақ аялдапты.

– Жуырда ғана ел Үкіметінің ресми қаулысымен 10 тамыз – «Абай күні» болып белгіленді. Бұл, әсіресе, семейлік теміржолшылар үшін қуанышты оқиға болды. Барша семейліктер үшін Ұлы Абай туған өлкеде өмір сүру – үлкен мақтаныш. Ендігі аралықта осындай саяхатты жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мәдени туризм аймағымыз да қарқынды дамуда. Соның аясында әр отаншыл азамат ұлт мақтаныштарының, ұлыларының өмірі мен шығармашылығын жақсы білуі тиіс. Біздің өзіміз бала кезден Абайды танып өстік, Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын жастанып өстік дегенмен, мынау бүгінгі саяхаттан көп мағлұматқа қанығып, мың естігеннен бір көрген артық екен, білгенімізден білмегеніміз көп екен дедік, – дейді экспедиция құрамында болған семейлік ревизорлар.

Ұлт руханиятының қайнары саналатын қастерлі өлке Жидебайға сапар, Абай жолымен жүріп, рухани тағылымына қанығу – жергілікті теміржолшылар үшін қасиетті сапар болғаны анық. «Абай күніне» орай челленджді алдағы күндері тағы бір сала қызметкерлері жалғастырмақ. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті