Теміржолшыларға түрлі қолдау көрсетілуде

Әлеумет
18.08.2020, 13:35
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Халыққа жаудай тиген індет теміржолшыларды да айналып өтпеді. Маңғыстау теміржолында онымен күресу және алдын алу шаралары алғашқы күннен бастап бірінші орынға шыққан. Оған бөлімше басшыларынан бастап, әрбір мекеме кәсіподақтарының қолдау шаралары бір бөлек. 

Сovid-19 пандемиясы басталғалы түбек теміржолының кәсіподақ ұйымдары теміржолшыларға түрлі деңгейдегі қолдау көрсетіп келеді. Коронавирус жаңа тарай бастаған тұста Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподағы бөлімшедегі жұмысшыларға 2 200 дана бетперде таратқан еді. Бөлімшеге қарасты мекемелердегі кәсіподақ ұйымдары да өз мекемелеріне антисептик, тазалықты сақтау, қорғану құралдарын алып берді. Сovid-19 пневмониясы өршіген кезде кәсіподақтар тағы да қарап қалмады. Дереу қаражат бөлу мәселесін қарастырып, теміржолшыларға жәрдемдесуге кірісті. Мекемелерге антисептик, сабын, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын алып берді.

− Теміржол мекемелеріне жақында тағы бір партия антисептиктар, сабын, қолғап сияқты ең қажетті деген нәрселерді алып тараттық. Сонымен қатар бір апта бұрын аймақ теміржолшыларына арнап он мың дана маска сатып алғанбыз. Оның бес мың данасы Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіне, қалғаны Маңғыстау магистарльдық желі бөлімшесіне таратылды. Сондай ақ, пневмония дерті өршігелі пневмониямен ауырған теміржолшылардың дәрі-дәрмегі үшін материалдық көмек көрсетілуде. Қазірге дейін жүк тасымалы бөлімшесі бойынша отыз шақты адамға әрқайсысына 30-40 мың теңгенің айналасында қаражат бөлінді. НЖС мекемесінен әзірге ешкімнен ондай сұраныс бола қойған жоқ. Қазір біз бұл қолдау шарасы туралы алыс-жақын телімдеріміздегі теміржолшыларға хабарлап, естімей қалғандар болса, құлақтандыру жұмыстарын жүргізудеміз, – дейді Орталық теміржолшылар кәсіподағының Маңғыстау облысы бойынша өкілі, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподағының төрағасы. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті