1151 отбасына көмек көрсетіледі

Әлеумет
24.08.2020, 15:29
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа оқу жылы басталар алдында және отбасы күніне орай аймақтағы 1151 отбасына ұжымдық шарт негізінде 2 және 4 АЕК көлемінде көмек көрсетіледі.

Бұған дейін жинақталған құжаттар қайта қаралып, кемтігі толықтырылып, бәрі хатқа түсірілуде. Енді бірер күнде көмек алуға тиісті көп балалы, өзгенің көмегіне мұқтаж жарымжан балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналардың отбасына да көмек беріле бастамақ.

Қызылорда ЖТ бөлімшесі кадр бөлімінің маманы Шәмшагүл Алпысбаеваның айтуынша, бөлімшедегі Қазалы вагон пайдалану және Қызылорда локомотив пайдалану деполарының теміржолшыларын қоса есептегенде 1080 балаға қолдау көрсетіледі екен.

Олардың ішінде 29 бала жалғызбасты және мүгедек балаларды қарап отырған ата-ананың қамқорлығында болса, 1051 бала көп балалы отбасыларға жатады екен.

Сонымен қатар отбасы күніне байланысты 328 бала өсіріп отырған 316 теміржолшыға да көмек берілгелі отыр. Олар екі және одан да көп балалы отбасылар санатына жатады, мұның барлығы ұжымдық шарт негізінде отбасылардың әлеуетін көтеруге негізделген игілікті жұмыс болып саналады.

Ал Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімі маманы Аида Қаналиева бөлімшенің жеке шаруашылығы бойынша көп балалы, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 71 отбасындағы 216 бала үшін шарт негізінде көмек берілетінін білдірді.

Бұл отбасы мүшелері бөлімшенің жеке шаруашылығы бойынша 123 бала тәрбиелеп отырған 40 отбасына және бөлімшенің вокзал шаруашылығы бойынша 93 бала өсіріп отырған 31 теміржолшының жанұясына берілмек. Мұндай көмек жыл сайын ресми түрде беріліп келсе, биылғы эпидемиялық ахуалға орай отбасының есеп-шотына қаржылай аударылады екен. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда