Қазіргі пандемиялық карантин кезінде табыс табу мүмкіндігінен айрылып, немесе денсаулығы сыр беріп ауырған жандар аз емес. Олардың кейбірі облыстық мәслихатқа өтініштерін айтып, көмек сұраған.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Қызылорда ЖТ бөлімшесі филиалының директоры, «Nur Otan» партиясы «Теміржол» филиалының төрағасы, облыстық мәслихатының депутаты Аманкелді Арысбаев сондай бірқатар азаматтардың отбасында болып, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, медициналық көмек, құжат рәсімдеу сынды мәселелерін шешуге көмек жасады. Халық қалаулысы тұрмысы төмен, көп балалы бірнеше отбасыға азық-түлік те жеткізіп берді. Көп балалы ана Динара Молдахожаева азық-түлік жиынтығын әкеп берген қайырымды жанға шын көңілден ризашылығын білдірді.