#Абай175: хакім Абайға арналған бейнеролик

Әлеумет
30.08.2020, 09:00
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесінің Жастар ұйымы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай арнайы бейнеролик әзірлеп шықты. Идеяның авторы жастардың өздері.

Басшылық тарапынан қолдау болғандықтан, межелі мерзім ішінде бірнеше минуттық, танымдық фильм даярлаған. Онда қарт Семей шаһарының ұлы ақын есімімен байланысты көрнекті орындарынан бастап, теміржол саласындағы өндірістік процесс барысына да арнайы шолу жасалған.

– Тек карантиндік шектеулер болғандықтан Абай мұражайына ғана кіре алмадық, сол тәрізді тағы да бірқатар мәдени орындарда арнайы түсірілім жасаудың мүмкіндігі болған жоқ. Әйтсе де, осынау бейнероликте хакім өсиет еткен ғылым мен білімге құштарлық, адал еңбек, жаңашылдыққа ұмтылыс сынды адам бойындағы ізгі қасиеттерді ашып көрсете алдық деп ойлаймын, – дейді бұл орайда пікір білдірген «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жаңадан сайланған аймақтық өкілі Арайлым Қосанова.

Бейнероликте, сондай-ақ, семейлік теміржолшылардың ұл-қыздары Абайдың тағылымды өлеңдерін оқып, тыңдарманды ақын өсиетін орындауға шақырады.

Арнайы түсірілім мен монтаждау жұмыстарының барлығын ШЧ-29 инженері Тимофей Лома кин, Семей станциясының операторы Бауыржан Мұрат сынды елгезек жастар өздері әзірлепті. Бұл бағыттағы жұмыстарға сонымен қатар бөлімшедегі кәсіподақ ұйымының мүшелері де елеулі түрде жәрдем жасапты.

Еске сала кетейік, Президенттің қолдауымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті