Бейнеуде теміржолшыға арнап ескерткіш тақта орнатылды

Әлеумет
07.09.2020, 11:04
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Конституция күні қарсаңында Маңғыстаудың Бейнеу ауданында теміржолшының атын ұлықтаған игілікті шара өтті. Ауданның Есет ауылындағы орталық саябақта теміржолшыға арнап ескерткіш бой көтерді.

Ескерткіш жергілікті жерден шыққан тұңғыш Құрметті теміржолшы Нұрғазы Ауданбаевтың 80 жылдығына орай орнатылды. Белгі тақтасы ауыл орталығындағы жасыл желекті саябақтың қолайлы бір бұрышынан еміржолшыларға арналған аллеяға қойылды. Мәрмар тасқа ардагер-теміржолшы туралы мәліметтер жазылған. Ескерткіш марқұмның жары Несібелі ханым және ауыл әкімдігі мен өзі еңбек еткен ШЧ-11 мекемесі өкілдерінің қатысуымен, шағын түрде ашылса да, онлайн форматта көз көргендер, өзге де әріптестері, көпшілік қатысты. 

 − Бастаманы Нұрғазы Ауданбаевпен кезінде бірге жұмыс атқарған теміржолшылар атынан Меңдібай Хайруллин есімді ардагеріміз көтерген болатын. Бірнеше ай бұрын ол туралы «Қазақстан теміржолшысы» газетінде ақаласы жарық көрді. Біз ұсынысты қолдап, ардагерді ардақтап, өзгелерге өнеге ету мақсатында ескерткіш тұрғыздық. Саябағымызда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына «Мәңгілік алау» монументі орнатылған еді. Енді міне, шағын теміржолшылар аллеясы іспетті бұрыш та пайда болды. Уақыт өте келе еңбегімен еленген өзге де теміржол ардагерлері болса бұл жерде олардың да есімдерін дәріптеп, осындай еңбек адамдарын жас ұрпаққа неге үлгі етпеске? Мұның тәрбиелік мәні зор болмақ, – дейді бұл туралы Есет ауылының әкімі Ескендір Әнесов.

Бұл шарадан Маңғыстау теміржолының басшылығы да тыс қалған жоқ. Бастамашыл топты қолдап, еміржолшылардың мерейін өсіретін, жастарға үлгі боларлық іске атсалысқандары үшін Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының атынан алғыс білдірді. Ауыл әкімі Ескендір Әнесовты, ардагер теміржолшы Меңдібай Хайруллинді, ШЧ-11 бастығының міндетін атқарушы Ерғали Атшыбаевты және Нұрғазы Ауданбаевтың ұлы Мақсат Ауданбаевты алғыс хатпен марапаттады. 

− Нұрғазы Ауданбаев өз ісінің мықты маманы болған. №11 Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясына қарасты белгі беру, орталықтандыру, бұғаттау учаскесінде электромонтер болып жұмысын бастап, СОБ электромонтері, электромеханик, аға СОБ электромеханигі болып жемісті еңбек еткен жылдары осы саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан теміржолшының бірі болды. 1988 жылы Құрметті теміржолшы атанған. Оны көзі көрген, танитындар тек жақсы қасиеттерін айтады. Өкінішке орай, сондай жаны жайсаң, еңбексүйгіш азамат көп өмір сүрмепті, небәрі 59 жасында дүниеден өткен. Ондай әріптестерімізді біз ешқашан ұмытпаймыз, – дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті