Құрметті теміржолшыға көше атауы берілді

Әлеумет
29.09.2020, 19:57
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен сенбі күні Аягөз қаласында осы станцияда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен вагон шаруашылығының ардагері, Құрметті теміржолшыға көше атауы берілді. 

Теміржолшылар шаһарында ел арасында бұрыннан «Заезжий двор» деп аталып кеткен үлкен көше ендігі аралықта өз заманында темірден түйін түйген теміржолшы атанған Жантұяқ Мұсапарбековтің атымен аталатын болды. Осыған орай өткен салтанатты шараға жергілікті теміржолшылар қауымы, ардагерлер, даңқты тұлғаның ұрпақтары, көше тұрғындары қатысты. 

Тоқтала кетсек, Жантұяқ Нұрбайұлы 1943 жылы, небары 16 жасында Аягөз вагон жөндеу депосында ағаш ұстасы болып алғашқы еңбек жолын бастаған екен. Соғыс өрті қызып тұрған шақта уақытпен санаспай еңбек етіп, ешқандай станок, техникасыз ауыр бөлшектерді жөндеп, вагондарды қалпына келтіріп, тұтас жылжымалы құрамдарды желі бойына шығарған. Депода майдан даласына жол тартатын әскери эшелондар да жөндеуден өтіп отырған. 

Осылайша, өмірінің соңына дейін табан аудармай Аягөз вагон жөндеу депосында еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген Жантұяқ Нұрбайұлының ерлікке толы еңбек жолынан көзкөргендер естеліктер айтып, ізгі лебіздерін білдірді. 

Биылғы Түрксібтің 90 жылдық мерейтойына орай Семей ЖТ бөлімшесінің аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Акишевтің бастамасымен бірқатар ілкімді істер қолға алынып отыр. 

Бір бұл емес, жуырда қаладағы Маяковский көшесі соғыс ардагері, Құрметті теміржолшы, аягөздік даңқты машинист Сатыбалды Ешмағамбетовтің есімі берілмек. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті