4 баласы мектеп жасындағы жалғызбасты ананы қабылдады

Әлеумет
03.10.2020, 18:06
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев төрт баласы мектеп жасындағы жалғызбасты ананы қабылдады. 

Бөріхан Сматуллаұлы көпбалалы ананың хал-жағдайын сұрап, балаларының үздік оқушы болуына тілектестігін білдірді.

«Компания тарапынан әрдайым қызметкерлерге әлеуметтік көмек көрсетіліп, қамқорлыққа алу шаралары жиі ұйымдастырылады. Теміржолшылардың балаларына арналған жобамыз да жоқ емес. Жыл сайын балалар мерекесі мен жаңа оқу жылында қолдан келгенше демеп отыруға тырысамыз. Жалғыз өзі төрт бірдей баланы оқытып отырған Айжан қарындасымызға алғыс айтамыз, оқушыларымыз талантты, алғыр, еңбекқор, үздік балалар қатарында болсын», – деп ағалық қамқорлық танытты бөлімше басшысы. 

Басшының қабылдауында болған Жіңішке станциясының тауар кассирі Айжан Танованың қуанышында шек жоқ. 17 жылдық еңбек өтілі бар теміржолшының төрт баласы да мектеп жасында. Айжан 2003 жылдан бастап теміржол саласында еңбек етеді. 

Алғашында оператор болса, кейін жүк қабылдаушы қызметін атқарған. 2007 жылдан бері тауар кассирі. 

«Сыйлық алуды күткен жоқпыз. Басқармадан қоңырау шалып, басшының қабылдауына арнайы шақырды. Жылы сөз, жақсы тілектер мерейімізді өсіріп, көңілімізді қуантты. Балаларым теміржолшы ағаларының сыйлығын алып қуанып қалды. Алғысым шексіз», – дейді Айжан Танова.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы аясында биыл Ақтөбе өңірінде 70-ке жуық отбасының балаларына оқу құралдары таратылды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды