«Мектепке жол» акциясы: игіліктің ерте-кеші жоқ

Әлеумет
06.10.2020, 08:42

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде әлі де жалғасуда. 

«Игіліктің ерте-кеші жоқ» демекші, жыл сайын дәстүрлi түрде ұйымдастырылатын шара өңірде жарияланған карантинге қарамастан биыл да өтіп жатыр. 

Акцияның мақсаты – 4 және одан көп балалары бар және отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуын болдырмау. Биыл Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 52 отбасы, 212 оқушыға, ал Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша 55 отбасы, 225 оқушыға сөмкеден бастап барлық мектеп оқу-құралдары табыс етілді. 

Оқу жылы басталып кеткенімен, карантинге байланысты аз қамтылған және көп балалы теміржолшылардың, оның ішінде вагон құрастырушылар, жүк қабылдап-жөнелтушілер, операторлар мен тауар кассирлері, жолшылар, пойыз диспетчерлері, локомотившілер, т.б. қарапайым жұмысшылардың балаларына сыйлық жасалды. Балалар ата-анасының жұмыс орнынан беріп жатқан көмекке дән риза болды. 

– Бөлімше атынан менің балаларыма да сөмке және кеңсе тауарларын сыйға тартты. Балалар мәз, онлайн сабақтан гөрі, мектепке барып партаға қайтадан отыруды сағынып жүр.

Лайым індет жойылып, сол күндер жақын болсын! – дейді Құлсары жол дистанциясының жол жөндеушісі, 4 баланың әкесі Амангелді Қартқожақов. 

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады