Ең үздік жасақ бастығы

Әлеумет
25.10.2020, 10:53
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол саласындағы еңбек жолын әскерден келген соң 1991 жылы Ақтөбе станциясындағы өрт сөндіру пойызында қатардағы өрт сөндіруші болып бастаған Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының бастығы Қайырхан Таласов ердің жасы елуге толып отыр. Отыз жыл ғұмырын осы салаға арнап, кәсібінен береке тапқан жанды теміржол бойындағы ең үздік жасақ бастығы десек, артық айтпаймыз. 

Өткен аптада Маңғыстау магистральдық желі басшылығы мерейтой иесін арнайы құттықтап, өңір теміржолының өркендеуіне қосқан үлесіне алғыс білдірді. Айтса айтқандай, Қайырхан Мамайұлы – шынымен де өз кәсібіне шын берілген жан. Өзге мекеменің қуысында, аядай ғана бөлмеде отырып-ақ жасақтың бар шаруасын дөңгелетеді. Оған қызметтік көліктің болмауы да, басқа басшыларға тән «үлде мен бүлдеге» оранған кабинеттің жоқтығы да кедергі емес. Сөйтіп жүріп Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағын көштің басына шығарды. Мекеме 2015 жылдан бері республикалық салалық жарыста үздік үштіктің қатарынан түспей келеді. 2015 жылы үшінші орынды алса, 2016 жылы бірінші орынға көтеріледі. 2017 жылы екінші орыннан көрінді. 

2018 жылы тағы да үшінші, ал өткен жылы екінші орынды иемденді. Осы жылы да жүлдеден үмітті. 

 Қайырхан Таласовтың өзі де жетістіксіз емес. ҚР Көлік және коммуникация министрінің Алғыс хаты мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы президентінің Мадақтау қағазымен марапатталып, салалық жарыс қорытындысы бойынша «Үздік басшы» атанған. 2013 жылы Өзен-мемлекеттік шекара Түркіменстан жаңа темір жолын ашуға қосқан еңбегі үшін «Үздік маман» төсбелгісін алған. Одан бөлек Өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздары департаменті басшылығынан алған марапаттары мен сыйлықтары бір бөлек. 

Осылай, өзінің еңбексүйгіштігімен ерекшеленіп, тынымсыз ізденісте жүретін кәсіби маман отбасында да үлгілі әке. Үлкен ұлы Алтынбек әке жолын қуған, Маңғыстау станциясында пойыз құрастырушы. Екінші ұлы Нұрханбек үшінші курс студенті, болашақ теміржолшы. 

Екі қызы мектеп қабырғасында. Әйелі мемлекеттік қызметте.

− Ақтөбенің Байғанин ауданында туып өстім. 1990 жылдың желтоқсанында отан алдындағы борышымды өтеп келіп, Ақтөбе станциясында өрт сөндіруші болып жұмысымды бастадым. Жоғары оқу орнына дайындық курсынан өтіп, бұрынғы жұмысымды қайта жалғастырдым. 2001 жылы Атырау өртке қарсы қызметінің Маңғышлақ-Өзен телімі бойынша нұсқаушы жұмысына ауыстым. 

2009-2014 жылға дейін Атырау өртке қарсы қызмет жасағы бастығының Маңғыстау өңірі бойынша орынбасары қызметін атқардым. 2014 жылы Маңғыстау өртке қарсы қызметі бөлініп, мекеменің тізгіні маған тапсырылды. Содан бері түбек теміржолының өртке қарсы қызметін басқарамын. Маңғыстау менің құтты мекеніме айналды. Мамандығымды жақсы көремін, қарбаласпен жүріп жарты ғасырдың куәсі болыппыз. Түрлі сәттерді бастан өткіздім, қызық та, қиын да күндер болды. Ең қиын кез осыдан біраз жыл бұрын №16 бекетте жүк көлігі мен пойыз соғысып, 18 цистерна мұнайдың өртенуі еді. Ол біз үшін нағыз сын сағат болды, соғыс жағдайында жүргендей сезіндік өзімізді… 

Ал қызығы… Болашақ станциясы ашылып, Мемлекет басшылары келеді деп күні-түні сол жақта дайындықтамыз. Болашаққа аттанып бара жатқанда үйде әйелім мен үш балам қалған еді. Бір айдан соң келсем, төртеу. 

Біраз уақыт бойы үй бетін көрмей кеткен мені алдымнан кенже қызымызбен күтіп алды, – деп күледі ердің жасы елуге толып отырған теміржолдың үздік өрт сөндірушісі. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті