Иманбек Зейкенов әлем жұлдызымен ән жазды

Әлеумет
26.10.2020, 21:06
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Күні кешеге дейін Павлодар теміржолында жұмыс істеген Иманбек Зейкенов деген жас жігіт британиялық диджей Marshmello мен АҚШ әншісі Usher-мен бірлесіп трэк жазды. Жас таланттың әлемдік жұлдыздармен шығарған Too Much атты туындысы тыңдарман қауымға жол тартты. 

Бұл туралы әннің жазылуына үлес қосқан үш музыканттың Instagram парақшаларында жарияланды. Белгілі болғандай, туындыда кімді жақсы көрсең, соның жанында болу керегі жайлы айтылған. «Marshmello және Иманбекпен бірге шығарған Too Much трэгім жарыққа шықты. Видеосы ертең. Сілтеме био-да» , – деп жазба қалдырған Usher қос өнерпазбен бірге түскен фотосын жариялады. 

 Imanbek лақап атымен белгілі қазақ баласы 2019 жылы Saint Jhn орындауындағы Roses әнінің ремиксімен бүкіл әлемге танылды. Ремикс дүниежүзі бойынша көптеген чартқа енсе, Shazam әлемдік тізімінде 3-орын алды. The New York Times басылымы қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы мақала жариялаған болатын. Ол – Павлодар облысындағы Ақсу қаласының тұрғыны. Мамандығы – теміржолшы. 

Музыкамен айналысу – хоббиі. Өкінішке орай, онымен тілдесіп сұхбат алмақ болғанымызда жуырда жұмыстан шығып кеткенін естідік. Несі бар, «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, жұрттың бәрі кәсіби музыкант болуы шарт емес, Иманбекке сәттілік тілейміз.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді