Кітап жазған теміржолшылар

Әлеумет
23.11.2020, 08:58
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ел экономикасының күретамырына қан жүгіртіп отырған теміржол теміржолшының да бойына сондай қуат сыйлайтындай. Өйткені, теміржолшылардай белсенді халық жоқ сияқты.

Түрлі қоғамдық жұмыстың, елдік шараның көш басынан табылатын теміржолшылар, жастар, сала ардагерлері барлық аймақта баршылық.

Бүгінгі кейіпкерлеріміз ұзақ жылдар түбек теміржолында еңбек еткен, саналы ғұмырын арнаған теміржол тақырыбында қалам тартып, кітап шығарған ардагерлер туралы болмақ.

Құрметті теміржолшылар Амандық Алдабергенов, Қожахмет Уәзір, Табылды Әміров – тұтас түбек теміржолының мақтаныштары. Бүгінде бірі ардагерлер кеңесін басқарса, бірі депутат, қоғамдық кеңес төрағасы дегендей. Жұртшылық олардың саланың өсіп-өркендеуіне қосқан ерен еңбегінен хабардар. Дегенмен бұл азаматтардың тағы бір қыры – түбек теміржолының тарихы үшін құнды дүние сыйлағаны. Өткен мен болашақты байланыстырушы алтын көпірдің негізін қалаушылар.

Себебі, жазушы, ақын не жорналшы болмаса да архив ақтарып деректерді жинап, өзгелердің және өз басынан өткендерін қағазға басып, кітап шығару екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.

Аталған ардагерлеріміздің жарыққа шығарған еңбектерін парақтау Маңғыстау теміржолының кешегі өткеніне саяхаттаумен бірдей.

Алдаберген ақсақалдың теміржол туралы 3 кітабы бар. Алғашқы еңбегі – 2002 жылы Алматыда «Нұрлы әлем» баспасынан шыққан 160 беттік «Маңғыстаудың күретамыры». Кітап аты айтып тұрғандай, Маңғыстаудың күретамырына айналған теміржолдың өңірге келуі жайында.

Онда түбек теміржолының салынуы, қалыптасуы туралы еш жерде жоқ мағлұматтар мен естеліктер жинақталған. Екіншісі – 2008 жылы жарық көрген «Теміржолдың түп қазығы». 72 беттен тұратын бұл еңбекте жалпы Қазақстан теміржолының, оның ішінде Маңғыстауға келген теміржолдың өркендеуі және оған үлес қосқан азаматтар, өңірдегі алғашқы теміржол мекемелерінің қалыптасу жөнінде деректер берілген. Үшіншісі – 2015 жылы 315 бет болып басылып шыққан «Түбекті түлеткен теміржол».

Мұнда теміржолда болған айтулы оқиғалар, өзгерістер мен даму кезеңдері сөз болады.

Амандық Алдабергенов – бас-аяғы 10 кітаптың авторы. Теміржол тақырыбынан бөлек тағы жеті кітап шығарған.

Түбек темір жолына өлшеусіз еңбегі сіңген тағы бір тарлан теміржолшы Табылды Әміровтің «Өмір-өзен даңғыл жол» атты кітабы 2003 жылы жарыққа шықты. Сол жылы елуге толған ел ағасының бұл орта жасқа жеткенде артындағы өміріне көз жүгіртіп, өткен-кеткенді екшеп, есеп беруі іспетті. Маңғыстауға оқу бітіріп келген 1977 жылдан бастап теміржолда жұмыс істеп, көптеген станцияларды басқарып, бөлімше басшыларының бірі болған теміржолшының көргені мен түйгені осы кітапта баяндалады. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті