Шығыстағы теміржолшылар коронавирус індетіне қарсы екпе алуда

Әлеумет
16.06.2021, 15:18
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар қауымы өткен мамыр айынан бастап коронавирус індетіне қарсы екпе алу шараларына белсенді қатысуда. Ерікті түрде вакцина алу қазіргі күні де бәсеңдеген жоқ. Алғашқы кезде Семей қалалық бұрынғы теміржол емханасының мейірбикелері бөлімше мен желі бойындағы жекелеген мекемелерге арнайы келіп, ресейлік «Спутник - V» және «Hayat-Vax» вакциналарын салған. Қазіргі күні теміржолшылар өздері тіркеуде тұрған жергілікті емханаларға барып, ерікті түрде екпе алуда. Сонымен қатар, шаһар орталығындағы сауда үйлерінде де кезекке тұрып вакцинациялануда. Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімі мен өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімдерінің қызметкерлері толықтай вакцина алды деуге болады. Ағзаны вакцинамен «қаруландыру» қалыпты өмір мен қалыптасқан жұмыс ырғағына оралуға әкелетін бірден-бір жол екенін семейлік теміржолшылар қауымы жақсы біледі. Себебі, қызмет барысымен желі бойында, теміржолшылар арасында жиі болатындықтан сақтық шараларын арттыру міндет. – Әуелгі кезекте барша теміржолшы жастар бір кісідей «Спутник-V» вакцинасын алдық. Ешқандай кері әсері болған жоқ. Өзге әріптестеріме ғаламторда жүрген түрлі қаңқу сөздерге сенбеуге, өз денсаулығы мен жақындарының қауіпсіздігін ойлауға шақырамын, – дейді алғашқы болып екпе алған Семей ЖТ бөлімшесінің Жастар кеңесінің төрайымы Арайлым Қосанова. – Маусым айының 8-ші жұлдызына дейін Семей магистральдық желі бөлімшесі  бойынша теміржолшылардың 25,4 пайызы екпенің екінші кезеңін толық алып болды. Бұл барша қызметкерлердің төрттен бірінен көп деген сөз. Дегенмен біздің есебіміз бойынша бұл қарқын жаман емес. Алдағы қазан айына дейін ұжымдық иммунитет қалыптастыратындай деңгейде вакцина алып үлгереміз деп ойлаймын, – дейді бұл орайда НЖС-6 кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұлов.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті