«Бақытты балалық шақ» атты онлайн-байқау теміржолшылардың балалары арасында өтті
Әлеумет
16.06.2021, 15:23
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі мен бастауыш кәсіподақ ұйымы бірлесе ұйымдастырған теміржолшылардың балалары арасындағы онлайн байқау мәресіне жетті.
«Бақытты балалық шақ» атты балғындар додасына 5-12 жас аралығындағы жеткіншектер қатысты.
«Біз әлеуметтік желіден арнайы топ ашып, қатысушылардың өнерін көрсеткен бейнетаспаларын сонда қабылдаған болатынбыз. Байқауға жалпы 50-ден астам жұмыс келіп түсті. Өнерден хабары бар, білікті мамандарымыз оларды әділ сарапқа салды. Бұл әріптестеріміздің отбасына да үлкен қуаныш сыйлады деп білемін», – деп атап өтті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев.Балалардың өнер сайысы үш бағытта ұйымдастырылған. Би байқауында Бірлік станциясының операторы Жанар Дүйсенбаеваның қыздары Динара мен Даяна Өскенбайлар бірінші орынды еншілепті. Ал мәнерлеп оқу аталымында Дария Ауғанбай алдыңғы орыннан көрінген. Ол – бөлімшенің есептеу орталығының бастығы Ербол Сұлтанғалиевтің қызы. Ән салудан сынға түскен үміткерлердің ішінен Айсұлтан Қаспақбайдың бағы жанған. Жас орындаушы бөлімше кезекшісі Жамбыл Сүйсеновтің отбасында дүниеге келген. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Біз еңбек ететін мекеменің өзге ұжымдардан артықшылығы сол, жұмысшыларының отбасына да қызықшылық сыйлап тұрады. Карантин жағдайларына қарамай ұйымдастырылған байқау отбасымызға қызықшылық, қуаныш сыйлады, сол үшін бөлімше мен кәсіподаққа алғысымыз шексіз. Біз қандай жағдайда да өзіміз жұмыс істейтін бөлімшеге арқа сүйейміз. Өйткені, басшылық адами құндылықтарға, мамандарының әлеуметтік жағдайларына үнемі мән береді», – дейді теміржолшы ата-аналар.
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды