Даңқты теміржолшы есімі ұлықталды

Әлеумет
16.06.2021, 21:37
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бала күнінен еңбекке араласып, теміржолшы әулетінің негізін қалаған, бірнеше мемлекеттік марапат иегері атанып, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен құрметті теміржолшы Серғазы Опалқожаевқа Қызылорда қаласынан көше аты берілді. 1882 жылы туған Серғазы Опалқожаев он төрт жасында Қызылорда теміржол станциясының тауар бөліміне жүкші болып орналасып, еңбек жолын тым ерте бастайды. Ел басына күн туған елең-алаң жылдары Азамат соғысына қатысып, кейін Ұлы Отан соғысына аттанып, аман-есен оралған соң теміржол саласындағы еңбек жолын жалғастырып, үлкен жетістіктерге жете білген. 1935 жылы Кремльде өткен көлік қызметкерлерінің салтанатты жиынында Сыр елі теміржолшыларының атынан өкіл болып қатысқан, ал 1938 жылы Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің бірінші шақырылымының депутаты болған тұңғыш теміржолшы ретінде де есімі тарихқа алтын әріппен жазылған. Депутаттық мандатын пайдалана білген теміржолшы сол кезеңдегі облыс тұрғындарының әлеуметтік мәселесі оңтайлы шешілуіне үлес қосып, қаланың ірге тасының нығаюына аянбай тер төккен. 1936 және 1951 жылдары екі рет Ленин орденімен, «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен қатар «Кавказды қорғағаны үшін» және «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Серғазы Опалқожаев – 1968 жылы Қызылорда қаласының құрметті азаматы атағын алған тұңғыш теміржолшы. Даңқты жерлестерінің атына көше аты берілу салтанатына қатысқан қызылордалықтар Серғазы Опалқожаевтың ерен еңбегіне бас иіп, рухына құрмет көрсетті. Ардагер 1970 жылы дүниеден озған. – Серғазы ағамыздың облысқа, оның теміржолына сіңірген еңбегі шексіз. Оның өзі ғана емес, ұл-қыздары де түгелдей теміржолға қызмет етті. Ендігі жерде Серғазы Опалқожаев көшесі қаламыздың ең көрікті де саялы көшелерінің бірі болады, ер есімі осылай елімен мәңгі жасай береді, – деді көшенің ашылуы салтанатында сөз алған Қызылорда теміржолы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисенбі Шермаханов.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда