Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті

Әлеумет
18.06.2021, 11:19
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосындағы аспан асты және депо мұражайларында саламыздың түрлі қызметінде еңбек етіп жүрген белсенді жастар – тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті. Еліміз Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келіп, бүгінде болат жол саласында еңбек етіп жүрген жастардың басын қосқан шараны өткізуге бастама көтерген – «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева. Тәуелсіздіктің мәртебесін көтеретін тың істерге атсалысып жүрген теміржолшы жастар партия өкілімен ашық-жарқын сұхбат құрды. – Аймақ теміржолының әртүрлі саласында жұмыс жасап жүрген жастармен кездесу барысында 30 жыл ішінде еліміздің жеткен жетістіктерімен бөлістік. Жастар өз салаларын дамытуға бағытталған ойларын ашық айтып, кейбір келелі мәселелерді оңтайлы шешуге ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бұл жастармен алдағы уақытта атқарылатын «30 мейірімді іс» жұмыс жоспарлары жасалып, оны жүзеге асыратын боламыз, – деді Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева. Кездесу соңында теміржол саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген біршама жастарға партияның Теміржол филиалы төрағасының алғыс хаты мен креативті идеялармен көзге түскен белсенділерге естелік сыйлықтар табысталды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда