Бастауыш кәсіподақ ұйымының игілігін көріп жатыр

Әлеумет
18.06.2021, 14:07
Асхат Райқұл

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлердің құқығын қорғап қана қоймай, мүмкіндігінше олардың әлеуметтік, тұрмыстық, қызметтік жағдайларын жасауға да септесуде. Бұл орайда Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясы бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Кәсіподақ ұйымының жетекшісі әрі дистанцияның персоналдармен жұмыс жөніндегі менеджері Ермахан Әбдірайымов Сарышаған ауылындағы орта мектепке наурыз айында спорттық құрал-саймандар, доптар, волейбол торларын, секіртпелер және тағы басқа заттар сатып алып бергендерін жеткізді.

«Өйткені, бұл білім ошағында оқитын балалардың дені теміржолшылардың отбасында туған. Сарышаған тұрғындарының 70 пайыздан астамы – теміржолшылар. Сондықтан бұны өзімізге жасалған қамқорлық деп білген жөн», – дейді ол.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының бұдан басқа Жастар, Қашқантеңіз, Ақжолтай станцияларының жұмысшылары үшін бір-бірден қысқатолқынды пештер, электр плиталарын, шәйнектер сатып алып берген. Сарышаған станциясының энергетикалық орталығын үш дана пердемен қамтамасыз еткен. Қашқантеңіз бен Жастар станцияларына 2 қабатты төсектер, темір есіктер, асханаға арналған үстелдер, орындықтар, шкафтар жеткізіп берген. Сол сияқты, Сарышаған мен Қайраткөл станцияларына бірқатар құрылыс материалдарын жеткізіп беріпті. Сарышаған станциясына да ас үй үстелі мен өзге де тұрмыстық бұйымдар сатып алынған.

«Біздің былтыр атқарған ірі істеріміздің бірі – Сарышаған бекетіне хоккей кортын тұрғыздық. Жоғарыда айтқанымдай, елдімекен тұрғындарының дені – теміржолшылар.

Сондықтан да бұл шаруаға әріптестеріміз белсенділікпен атсалысты. Жалпы, хоккей кортына екі миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Бұл соманың басын құрауға ауыл тұрғындары, жергілікті кәсіпкерлер, сонымен бірге теміржол мекемелері үлес қосты. Біздің ведомстволарымыздың әрқайсысы 50 мың теңгеден жинап берді. Сондай-ақ көктемгі электр сорғысы, жылытуға арналған электр қазандығы және орнатуға қажетті материалдар сатып алынды», – деген кәсіподақ жетекшісі теміржолшылардың хоккей кортының құрылысына да белсене тер төккенін жеткізді. Қазіргі таңда онда теміржолшылардың балалары қысы-жазы хоккей ойнап, коньки теуіп жүр. Бұл аймақтағы бұқаралық спортты өркендетуге де біршама үлес қосқанын айту керек. Е.Әбдірайымовтың сөзінше, бастауыш кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен өңірдегі Науалы, Қайраткөл станцияларын сумен қамтамасыз ету үшін 1000 литрлік ыдыстар орнатылып және жұмысшыларға арналған душ бөлмелері жасақталған.

«Осының бәрі теміржолшылардың игілігі үшін. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», – деп атап өтті кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты