1 шілдеден бастап Маңғыстау және Бейнеу вокзалдарында «Ashyq» жобасы іске қосылмақ

Әлеумет
25.06.2021, 09:56
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

1 шілдеден бастап түбектегі Маңғыстау және Бейнеу теміржол вокзалдарында «Ashyq» жобасы іске қосылмақ. Бүгінде жобаны қолданысқа енгізудің қажетті дайындық жұмыстары пысықталуда. Бейнеу теміржол вокзалында бес жерге, Маңғыстау вокзалына он жерге QR-код ілінген. QR-кодты ска- нерлейтін «Ashyq» кіру жүйесі екі вокзалдың барлық кіреберістерінде жұмыс істейтін болады. Жолаушылар кірген кезде QR-кодты «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы немесе Кaspi.kz, Номеbank, Aity қосымшалары арқылы сканерлеу қажет. Ал егер жолаушыда осы аталған қосымшалар да, смартфон да болмаса, кіреберісте арнайы бекітілген вокзал қызметкеріне ЖСН көрсету арқылы мәртебесін анықтауына болады. Шетелдік жолаушылар төлқұжатының нөмірі бойынша сол жерде тіркеледі. − Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында Маңғыстаудағы екі теміржол вокзалына да 1 шілдеден бастап ашық жобасы енгізіледі. Соған байла- нысты 15 маусымнан Маңғыстау, 16 маусымнан Бейнеу вокзалдарында жүйе сынақ ретінде жұмысын бастады. Жоба іске қосылған сәтте әр вокзалдың кіреберісіне вокзал кезекшілерінен арнайы қызметкер бекітіледі. Қазір оларға керекті планшет мәселесі қарастырылуа. Сондай-ақ, бұл жұмысқа еріктілерді де тартуды ойласты- рып отырмыз, – деген Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Рустам Тухтиев еріктілер немесе әкімшілік тарапынан уақытша адам бөлу жөнінде Маңғыстау вокзалы орналасқан Мұнайлы және Бейнеу вокзалы тұрған Бейнеу ауданы әкімдіктеріне хат жазғандарын жеткізді. Егер бұған әкімдік келіссе, Бейнеу вокзалында үш, Маңғыстауда бес адам осы жұмысқа қолғабыс ететін болады. Олар жолаушылардың статусын анықтауға көмектесіп, өз кезегінде вокзал кешенінде арақашықтық сақтау, жолаушылар нөпірін азайтуға септік етпек.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті