Маңғыстауда заңсыз мигранттарды анықтады

Әлеумет
28.06.2021, 09:13
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің көші-қон қызметі Маңғыстауда он күн бойы «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Халықаралық және республикалық қатынастағы жолаушылар пойыздарын, перрондар мен темір жол вокзалдарын тексеріп, заңсыз мигранттарды анықтады. Профилактикалық жұмыстар 7 маусымда басталып, 16-на дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің көші-қон тобы қызметкерлері ел заңнамасын бұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар жұмыс атқарды. − «Мигрант» шарасының мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу және Қазақстан Республикасының территориясына заңсыз келген тұлғаларды анықтау, қызмет көрсету территориясында заңсыз көші-қон арналарын болдырмау. Осы жедел жұмыстарды жүзеге асыру барысында жақын және алыс шетел азаматтары арасында ҚР көші-қон заңнамаларын сақтау бойынша тексеріс және алдын алу шаралары өткізілді. Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған 59 шетел азаматы анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-ң 517-бабы 3-бөлігі 1,2,3-тармақтарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның еліміздің заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін де шығып кетпеуі, ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын түрлі деңгейде бұзу деректері кездесті, – дейді Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесі көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Эльвин Исламов. Сонымен қатар, жедел-профилактикалық шара шеңберінде Маңғыстау теміржол вокзалы мен Ақтау халықаралық әуежайында жолаушыларға ағымдағы көші-қон заңнамаларының тармақтарын түсіндіруге арналған жұмыстар да қолға алынған. Онда көзделген санаттағы азматтарға «Халықтың көші-қоны туралы», «Шетел азаматтарының құқықтық ережелері туралы» заң тармақтары түсіндіріліп, шетел азаматтарының елімізде жүріп тұру ережелері ескертілген.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті