Теміржолшылар арасында екпе алушылар қатары көбейді

Әлеумет
28.06.2021, 09:53
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша коронавирус індетіне қарсы екпе салдыру күрт қарқын ала бастады. Өткен мамыр айында жандана бастаған шараның нәтижесінде теміржолшылар арасында аталмыш дертпен сырқаттанушылық деңгейі де күрт төмендеген. Бөлімше бойынша теміржолшылардың мұндай белсенділік танытуына себеп те жоқ емес. Өңір бойынша ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары нәтижелі жүргізілуде. Мерзімдік басылымдар мен әлеуметтік желідегі мағлұматтар көпшілікті екпе алуға жетелеуде. Соның нәтижесінде болар, бөлімшедегі кадр бөлімінің мамандары вакцина алғандардың тізімін күн санап жаңартып отыруға мәжбүр. Мәселен, қазіргі күнге дейін Семей ЖТ бөлімшесі бойынша мыңнан аса адам «Спутник-V» және «Hayat-Vax» екпелерін алыпты. Бұл – барша теміржолшылардың тең жартысына жуығы деген сөз. Бұл орайда мекемелер арасында ТЧЭ-22 қызметкерлерінің үлесі жоғары, 300-ден аса адам екпе қабылдаған. Ал, келесі орында Аягөздегі ТЧЭ-25 мекемесінің машинистері тұр. Сондай-ақ, НОД-6 мен Семей станциясындағы ВЧД-23 теміржолшыларының да белсенділігі жоғары. Бұл ретте Семей магистральдық желі бөлімшесі жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде екпе алу бойынша 40 пайыздан асып отыр. Осы орайда халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін вокзал қызметкерлері толықтай вакцина алса, өзге мекемелер бойынша ерікті түрде екпе алу ісі қарқынды жүріп жатыр. Мұнымен қатар, ӘТЖК-ның Семей филиалы бойынша да бүгінгі күнге дейін 481 адам екпе алған. Одан кейінгі орында «Теміржолсу Аягөз» ЖШС мен «Қазтеміртранс» ЖШС-ның Семейдегі филиалы тұр. Жалпы, бүгінгі таңда Семей өңірі бойынша теміржолға қарасты еншілес мекемелердің барлығын қоса алғанда жалпы саны бес мыңнан аса адам екпенің әр түрін ерікті түрде алған. Бұл дәрігерлер мен мұғалімдерді, тәртіп сақшыларын қоспағанда Шығыстағы өте үлкен көрсеткіш саналады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті