Теміржолшылар әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінде жеңіске жетті

Әлеумет
19.07.2021, 09:58
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде теміржолшы Әділовтер әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінде жеңіске жетті. Жалпы еңбек өтілі 350 жылдан асқан теміржолшылар династиясы байқаудың барлық сатысынан сүрінбей өтіп, көптің ықылас-құрметіне бөленді. Теміржолшы кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан Әділовтер отбасы темірдей тәртіпке бағынған сала жұмысын ел алдында насихаттап, мамандықтарын мақтан тұтатынын паш етті. Теміржолшы кәсібін әулеттің үлкен атасы соғыс кезінде тылда еңбек етіп бастаған екен. «Біз теміржолшылар әулеті екенімізді мақтан етеміз. Үлкен атамыз соғыс кезінде 15 жасынан паровозда от жағушы болып бастап, кейін машинист болып, күре жолдың бойында өз әулетінің алғашқы соқпағын қалыптастырған екен. Әкемде 43 жыл еңбек етіп, жүк тасымалы пойызында машинист болды. Анам әлі күнге дейін теміржол саласында еңбек етеді. Ата жолын кәсіп еткен, теміржолдың темірдей тәртібіне бағынған ұрпақпыз. Өзім де, екі ағам да теміржолшы», – дейді жеңімпаз әулеттің ұлы Дархан Әділов. Отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, ата-ананың бала тағдырына, бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыруды көздейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы елімізде жыл сайын өтуі дәстүрге айналған. Әділовтер әулетінің ұзақ жылдар бойы теміржол саласында сіңірген еңбегі өз алдына, жарасымды да үлгілі отбасы ретінде аймаққа танымал. Сондықтан қалалық байқауда жеңіске жетіп, енді облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында бақ сынайтын теміржолшы әулетіне жерлестері жеңіс тіледі. Қала әкімі әулет кәсібін қалыптастырып, бір салада еңбек етіп келе жатқан теміржолшылар әулетіне жүлдесін табыс етіп, алғыс айтты. «Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл байқау жарасымды жұптар мен береке-бірлік қонған отбасыларын насихаттауда маңызы зор. Туған шаңырақтан алған тәрбие – кез-келген отбасының табысты болашағының кепілі. Бір салада 350 жыл еңбек өтілі бар теміржолшылар отбасы көпке үлгі болатынына сенеміз»,– деді қала әкімі Асхат Шахаров. Шара соңында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен LED телевизор, мұздатқыш, шаңсорғыш, электр пеші секілді бағалы сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Айта кетейік, елімізде дәстүрлі түрде өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы биыл жетінші рет ұйымдастырылды. Әділовтер әулеті қалалық кезеңінде байқауға қатысқан 20 отбасының ішінде үздік деп танылды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды