Теміржол атакәсібіне айналған әулет өкіліне құрмет көрсетілді

Әлеумет
28.07.2021, 09:29
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен апта соңында Семей ЖТ бөлімшесіндегі Жарма станциясының бастығы, әйгілі Мұсабаевтар династиясының екінші буын өкілі Мұхаметқали Мұсабаевты бөлімше басшылығы мен барша әріптестері салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды. Мұхаметқали Кәукенұлы – 942 жылдық еңбек жолы бар үлкен әулеттің салалық қызметтегі белді өкілі. Теміржолға небары 17 жасында келген ол осы кезеңге дейін саладағы барлық қызметтің баспалдағынан өтіпті. Алғашқыда қарапайым жолшы болған. Түрксіб бойындағы Аягөз, Делбегетей, Жаңасемей, Шар, Семей станцияларында сан түрлі қызмет атқарды. Әр жылдарда пойыз диспетчері, вокзал бастығы, бөлімшенің кәсіподақ төрағасы, қалпына келтіру пойызының бастығы, ревизорлық аппарат инженері, ревизор, Жаңасемей, Шар станцияларының бастығы, теміржол қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, т.т. қызметтерді абыроймен атқарды. Зейнеткерлік жасқа Жарма станциясының бастығы ретінде шығып отыр. Салтанатты жиын барысында сөз алып, Мұхаметқали Кәукенұлының еңбек жолына тоқталған бөлімше басшысы Сиязбек Әлішев Мұсабаевтар династиясы – бүкіл семейлік теміржолшылар мақтанышы екенін жеткізді. Теміржол саласындағы адал еңбегі үшін зор алғыс білдірді. Мұхаметқали Мұсабаев 2014 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған салтанатты шарада Өмірзақ Шөкеевтің қолынан «Еңбек әулеті» медалін өңіріне таққан болатын. Сөз алған теміржолшылар да Шығыс өңіріне танымал Мұсабаевтар династиясы, расында, қазіргі таңда Аягөз, Шар, Семей ғана емес, Орал, Алматы теміржолында да үшінші-төртінші буыны еңбек етіп жүргенін тілге тиек етті. Мәселен, кейіпкеріміздің ұлы Расул да әке жолын жалғап қозғалыс саласында қызмет атқаруда. – Түрксіб дәуірінен басталатын біздің әулет аталарымыз бен әкелеріміз салған сара жолмен жүріп келеміз, олардың абырой-атағына кір келтірмеуге тырыстық. Мен осыны еңбектегі басты ұстанымым етіп алдым. Бүгінгі күні Мұсабаев әулетінде 30-ға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Еңбек өтіліміз 942 жылды құрайды. Әр буын қазіргі қазақ теміржолының дамуына өзіндік қолтаңба қалдырып, үлес қосуда. Мен осыған қуанамын, – деді қошемет-құрметке ризашылық білдірген Мұхаметқали Кәукенұлы. Салтанатты жиын барысында барша әріптестері, кәсіподақ ұйымы әйгілі әулеттің өкіліне қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады