Теміржолшылар жатқа айтатын әнді шалқарлықтар шығарған

Әлеумет
03.08.2021, 11:54
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың гимніндей шырқалып жүрген «Теміржолшы» әнін алғаш болып шалқарлықтар тыңдаған. Себебі аудан тұрғындары үшін бұл мамандықтың қадірі жоғары. Мұнда әрбір үшінші тұрғын теміржол саласында еңбек етеді. Кезінде жергілікті теміржолшылар құрметіне туған ән қазір бүкіл ел теміржолшыларының мерейін асқақтатқан маршқа айналды. Қайырмасы: «Қазақстан темір жолы, үміт жолы, Темір жігіттердің өткен өмір жолы... Ғасыр тарихы бар тағылымды, Жаса, жаса, Қазақстан темір жолы!» деген керемет жолдармен қайталанатын ән кешелі бері әлеуметтік желілерде теміржолшыларға жолданып, қолдан қолға өтуде. Шойын жолдың өн бойында тер төгіп жүрген өздері де шойыннан жаралғандай берік теміржолшылар өмірін көз алдыңа әкеліп суреттейтін ырғақты әнді Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан шыққан танымал өнер жұлдыздары шығарған. Теміржолшыға рух берген әннің сөзін белгілі ақын Қайнар Алагөзов жазса, әуені композитор Құрал Молжановтікі. Әнді әнші Жаңабай Өтегенов орындайды. Үшеуі де Шалқардан шыққан өнерпаздар.

«Бұл өлеңнің жазылғанына 3-4 жыл болып қалды. Әніміз теміржолшыларға арналған. Оларды қуантқымыз келді. Біз теміржолшылар мекені саналатын Шалқар қаласынанбыз. Өзімнің әке-шешем, атам, бауырларым – түгел теміржолшылар. Әкем Жеткерген Өтегенов электрмен жабдықтау дистанциясында, анам Нағира Кенесарина станция кезекшісі болған. Әніміз теміржолшыларға ұнап жатса, қуаныштымыз. Барша теміржолшыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз», – дейді әнші Жаңабай Өтегенов.

Ақтөбе орталығынан 365 шақырым қашықта жатқан Шалқар ауданында 50 мыңға жуық тұрғын бар. Мұнда теміржол мекемелері кенттің басты ажары саналады. Олай дейтініміз, тұрғындардың дені осы салада жұмыс істейді. Мұндағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына теміржол саласының салмағы орасан. Себебі әр отбасын бір теміржолшы асырап отыр. Мұндағы әрбір ауыл тұрғыны «Теміржолшылар» әнін үлкен әсермен және мақтанышпен тыңдайды. «Бұл ән үш-төрт жылдан бері құлағымызда жатталды. Ұжымдық мерекелер осы әнмен өтеді. Теміржолшыларға арналған жүрекжарды ән қазір тек Шалқарда ғана емес, Қазақстан бойынша айтылып жүр. Әнді орындайтын Жаңабай деген баланың әкесі кезінде біздің мекемеде директор болған. Әкесі де әнді жақсы айтатын. Қазіргідей қиын заманда елде тек бейбітшілік болсын», – дейді Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Сақыпжан Жұмақов. ...Отарбаның жолы иректеледі, Жолаушылар үнсіз билеп келеді. Қазақ елім бірге қазынасымен, Тепловоздай алға сүйреп келеді... Құлағымызға ән келді, теміржолшылар құрметіне туған әнді іштей біз де қосыла шырқадық. Мереке құтты болсын, құрметті теміржолшылар!

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды