Шағын футбол жеңімпаздары сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсады

Әлеумет
11.08.2021, 09:52
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шағын футбол ойынының VII кубок жеңімпазы болған теміржолшылар командасы өздеріне тиесілі сертификатты қайырымдылық мақсатқа жұмсады. Шаһардағы түрлі мекемелер мен ұйымдар ойыншылары қатысқан, жалпы саны 15 команда бақ сынасқан біріншілікте топ жару Семей ЖТ бөлімшесі теміржолшылары үшін оңайға сақпағаны белгілі. Себебі, қатысқан командалар саны да көп әрі осыған дейін қала чемпионы болып жүрген еңбек ұжымдары жоғары дайындықпен келген болатын. Сондықтан да, семейлік теміржолшылар өзара іріктеуден өтіп, сайысқа осыған дейінгі сан түрлі додаларда топ жарып жүрген кіл мықтылар ғана қатысты. Атап айтсақ, ТЧЭ-24 тепловоз машинисі Арнұр Қожабеков, ЭЧ-18 электромеханигі Мират Айжақсин, пойыз құрастырушысы Арсен Тастанов, инженер-технолог Ержан Абдраимов жасыл алаң төрінде барын салды. Дегенмен, үздік командаларды ойсырата жеңген бөлімшенің «Локомотив» командасының ойыншылары «Adal» супермаркетінің дәстүрлі кубогын жеңіп алып, ұйымдастыру алқасының арнайы құрмет грамоталарымен марапатталды. Әйтсе де, теміржолшылар жүлде ретінде берілген 75 000 теңгенің сертификатын иеленуден мүлде бас тартты.

– Бөлімшенің кәсіподақ комитетімен кеңесе келе, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған үш теміржолшы отбасына материалдық көмек ретінде жәрдем беруді ұйғардық. Осылайша, әр отбасыға 25 мың теңгеге азық-түлік қоржынын әзірлеп, кәсіподақ белсенділерімен бірге таратып шықтық. Әріптестеріміздің ризашылығы жоғары, – дейді команда капитаны, бөлімшедегі «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы, номері бірінші ойыншы Жанат Мойынбаев.

Теміржолшылар командасы ПЧ-40, ПЧ-39 және ЭЧ-18 мекемелеріндегі тұрмыстық қиындықтары бар үш отбасыға қайырымдылық ретінде көмек жасады. Айта кетер жайт, семейлік теміржолшылар осыған дейін де әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға материалдық жәрдем көрсетуде көптеген игілікті іс-шаралар ұйымдастырып келді. Бұл – соның спортпен астасқан бір парасы ғана.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті