Кәсіподақ биылдыққа 41 қызметкерге қол ұшын созды

Әлеумет
23.08.2021, 09:34
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен оның жер-жердегі филиалдарында 120 мыңның үстінде адам еңбек етсе, олардың 97 пайызы – кәсіподақ мүшелері. Ай сайын олардың жалақысынан кәсіподақ жарнасына ұсталатын соманың бір бөлігі қайырымдылық мақсатқа жұмсалады. «Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген корпоративтік ұстанымды ұстанатын теміржолшылар қиын жағдайда қалған әріптестеріне қол ұшын созуды дәстүрге айналдырған. Адам болған соң басыңа қиын іс түспей тұрмайды. Біреу қатерлі дертке шалдықса, енді бір адамның үйі өртеніп немесе су алып, далада қалады. Ал тағы бір адамға ауыр ота жасату керек болуы мүмкін. Мұндай қиындықтар қомақты қаржыны қажет етіп, қиындыққа тап болған теміржолшылар компания кәсіподағына жүгінеді. Қазақстан теміржолының салалық кәсіподағы айына осындай қиындықтарға тап болған 7-8 адамның өтінішін қарайды екен. Былтыр 2020 жылы, мысалы, кәсіподақ 100 теміржолшыға 30 млн теңгеге материалдық көмек көрсеткен. Ал биылғы жыл басынан бері 41 адамға қаржылай көмек берілген. Бұл көмек компания қызметкерінің басына түскен ауыртпалықтан шығуына кететін шығыны 200 мың теңгеден асатын болған жағдайда және арнайы комиссияның жан-жақты тексеруімен әр түрлі сомада болса да міндетті түрде көрсетіледі. «Мәселен, былтыр бір теміржолшы кішкентай баласына Америкада бір екпесі 1 млрд доллар тұратын ем алу үшін көмек сұрады. Ол екпені екі жасқа жеткенше жасатпаса, әрі қарай көмегі тимейді екен, бұл шамамен 982 млн теңге. Соған кәсіподақ арқылы бір бөлігін жабуға болса да көмек жасадық. Олардың барлық медициналық құжаттары, дәрігерлердің науқасқа жазған емі, бүкіл шығындары қағаз жүзінде толық тексеріледі. Мәселен, біреудің үйі өртеніп кеткен болса, соның өртенгені туралы актілерін, су алып кетсе, соны растайтын құжаттарын тексере келе, комиссияның шешімімен теміржолшыларға көмек береміз. Бүгінгі таңда бізде 6 адамның өтініші қаралып жатыр. Оларға міндетті түрде көмек беріледі. Бірақ кімге қанша қаржы берілетінін комиссия шешеді», – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов. Демек, компанияның кәсіподаққа мүше әрбір қызметкері қайырымдылыққа өз үлесін қосып отыр деген сөз.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті