Теміржолсу-Қызылорда «Мектепке жол» акциясына орай 450 мың теңге бөлді

Әлеумет
31.08.2021, 09:41
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Баласының жаңа оқу жылына дайындығына алаңдайтын әрбір ата-ана секілді аймақ теміржолшылары да мектеп оқушыларын мектепке дайындауға атсалысуда. «Теміржолсу-Қызылорда» мекемесінің ұжымы кәсіподақ төрайымы Ұлбосын Құсбаеваның ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясын өткізді. Мекеме теміржолшыларының алғашқы сыныпқа баратын бүлдіршіндеріне оқу-құралдары толтырылған сөмке таратылып, қаржылай да қолдау көрсетіліп, 450 мың теңге көлемінде қаражат берілді. Мекеме бастығы Марат Шайжан мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов Білім күніне байланысты мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған балалар мен олардың ата-аналарын құттықтап, бүлдіршіндердің білім нәрімен алаңсыз сусындауына тілеулес екендігін білдірді.

– «Мектепке жол» акциясына мекеме тарапынан 350 мың теңге, кәсіподақ ұйымы атынан 100 мың теңге бөлінді. Әртүрлі әлеуметтік топтағы сегіз балаға мектеп құралдары толтырылған мектеп сөмкесі дайындалып берілді. Сонымен қатар Жосалы мен Шиелі станциясында жұмыс жасайтын теміржолшылардың қамқорлыққа мұқтаж отбасы санатындағы балаларға да дәл осындай сыйлығымызды тапсыратын боламыз. Акцияға байланысты жетпіске жуық балаға қолдау көрсетілді, – деген «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов бес балаға өз қаражатынан сыйлық жасапты.

Мекеме қолдауына разы болған ата- аналар алғыс білдірді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда