Білім күні Бершүгір жол дистанциясының ұжымы 30 көп балалы теміржолшының балаларына сөмкелер мен оқу құралдарын таратты. Көпбалалы теміржолшыларға мектепке дайындық кезінде материалдық көмек көрсетуді мақсат тұтатын акция – бірнеше баланы оқытып отырған отбасыларға кәдімгідей көмек.
«Білім күні әр шаңырақта шағын мереке. Жаз бойы демалған балалар ауылдың сәнін келтіріп, мектепке барады. Жаңа өмір басталғандай. Осы бір атаулы күні теміржолшылардың бір отбасы екенін көрсетіп, әріптестерімізге қолдау, көмек жасаған қандай жақсы. Балаларымыз материалдық қажеттіліктен қиналмасын, мектепке жаңа құралдармен барып, білімге деген құлшынысы артсын деген тілегіміз бар. Білікті теміржолшы білімді баладан шығады. Оқушыларымыздың зейіні ашылсын», – деп тілек білдірді Бершүгір жол дистанциясының шебері Есенгелді Құдайберген.
Бір жылдан аса пандемия салдарынан онлайн білім алған оқушылардың мектепке баруға құлшынысы жоғары.