Семейлік теміржолшылар көмекке мұқтаж оқушыларды мектеп сөмкесімен қуантты

Әлеумет
02.09.2021, 12:23
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен «Мектепке жол» акциясы қарқынды түрде өткізіліп жатыр. Осыған дейін желі бойындағы барлық теміржол мекемелерінен көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар нақтыланып, арнайы тізім әзірленіп бекітілген болатын. Сәйкесінше кәсіподақ ұйымының өкілдері мектепке қажетті барлық заттарды, оқу-құралдарын түгендеп, санаулы күндер ішінде оқушы сөмкесін әзірлеп шықты. Бөлімше бойынша 124 балақайға аталмыш сыйлық табыс етілді. Бір ғана ТЧЭ-24 мекемесінде 36 бала осындай сыйлыққа ие болды. Ал, НЖС-6 бөлімшесі бойынша барлығы 112 балақайға оқу құралдары салынған оқушы сөмкесі табыс етілді. Бұл шаралардың сыртында кәсіподақтың орталық кеңесі тарапынан жіберілген тағы 12 оқушы рюкзагы Семей магистральдық желі бөлімшесінің көпбалалы қызметкерлеріне беріліпті. Жергілікті салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досановтың айтуынша, биылғы жылы мектеп табалдырығын аттайтын балдырғандар үшін әзірленген сыйлық қомақты. Күнделікті сабаққа қатысты құралдардың барлығы да қамтылған. Әрі жыл сайын 1-ші қыркүйек қарсаңында балаларын мектепке әзірлеп біршама шығынға бататын ата-аналар үшін бұл үлкен көмек болуда.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады