Қызылорда жүк және магистральдық желі бөлімшесі де білім күніне орай сыйлық жасады. Теміржолшылардың бірінші сыныпқа баратын балалары түгел сыйлыққа мектеп оқу құралдары толтырылған сөмке алды. – Жаңа оқу жылы қарсаңында 12 балаға оқу құралдары толтырылған сөмкеден бөлек, мектеп формасы, спорттық аяқ киімдер, жалпы баланың мектепке қажетті заттарының басым бөлігін алып бердік, – дейді НЖС бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Ерманова. Ал Қазалы станциясында №226 мектеп басшылығының арнайы өтінішіне орай әр түрлі әлеуметтік санаттағы 10 балаға көмек беріліпті. Игілікті шараны ұйымдастырған қазалылық байланысшылар мекемесі өз балаларымен қатар ол мектептің оқушыларына да көмек қолын созған.
– «Қазкөліккәсіп» ҚБ басшылығының жаңа оқу жылының басталуына орай ұйымдастырған акцияға орай Қазалы белгі беру-байланыс дистанциясы теміржолшыларының мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын 38 баласымен қоса жоғарыдағы 10 балаға кәсіподақ ұйымы атынан мектептің оқу-құралдары толтырылған сөмке табысталды. Сонымен қатар ҚТЖ компаниясы атынан 2АЕК көлеміндегі қаражат әлеуметтік көмек алатын санаттағы отбасыларға берілді, – деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерсайын Сұлтанов.