– Науқас немесе дертке шалдыққан адаммен жақын байланыста болған кісі үй жағдайында карантинде болуға тиіс. Тұрғындар ең алдымен осыны ескеріп, айналаға қауіп төндірмеуі қажет. Өкінішке орай, кейбіреулер оған мән бермейді. Жағдайын білсе де халық арасында жүріп, дертті таратушыға айналады. Бұл ауру жас па, кәрі ме, ешкімді аямайды. Жыл басынан бері 8 айдың ішінде біздің басқарманың бақылауында тұрған темір жол нысандарының қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның 38 жағдайы тіркелді. Эпидахуалды талдау барысында, олардың Covid-ке қарсы екпе алмағаны және олармен жұмыс орнында жанасушылардың да көпшілігі вакцина алмаған немесе вакцинация курсын толық аяқтамағаны белгілі болды. Сондықтан вакцинациялау – вирус таралуын азайтудың, бұрынғы өмір салтымызға оралудың бірден бір тәсілі екенін ескертеміз. Өзімізді ғана емес, айналамыздағыларды да ойлайық! – дейді бұл туралы ақпарат берген Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Жумаганым Кенжалиева.Маманның сөзіне сүйенсек, қазір маңғыстаулық теміржолшылар арасында вакцина қабылдағандар саны 3 мыңнан асқан. 3065 адам (71 пайыз) І компонентін, 1899 адам (44 пайыз) ІІ компонентін алған. Түрлі сылтаумен екпеден бас тартып жүргендер де жоқ емес.
Карантиндік талаптарды бұзған азаматтарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
Оқуға 2 мин
Шілде айында Маңғыстау темір жол вокзалында «Ashyq» мобильді қосымшасы жұмыс бастағалы жолаушылар арасында коронавирус инфекциясының таралуына әсер ететін бірнеше жағдай анықталған.
Қосымшаның көмегімен «қызыл» мәртебесі бар 5 адам, «сары» мәртебесі бар 12 адам анықталған. Карантиндік талаптарды бұзған адамдардың тізімі Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне беріліп, ҚР әкімшілік құқықтық Кодексінің баптарына сәйкес жеке тұлғаларға 30 АЕК есебінде айыппұл салынды.