Достық станциясында өндірістік қауіпсіздік және экология мәселесі жіті бақылауда

Әлеумет
10.09.2021, 10:46
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолында осыдан үш жыл бұрын барлық салада өндірістік қауіпсіздік және экология секторы құрылды. Достық станциясында осы секторды басқаратын Батыржан Ахметжановтың айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жан-жақты жауапты сектор қызметіне сенім мол, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бүгінде Достық станциясында 800-ге жуық адам еңбек етсе, 3 адам аталған сектордың жұмысына тартылған. Жас та қабілетті маман Батыржан Ахметжанов басқаратын сектор жұмысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды мінсіз атқарады.

– Негізгі қызметімізге экологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, электр қауіпсіздігі, адамның денсаулығы мен өмірінің қауіпсізді- гін қамтамасыз ету жатады. Соның бәрінің сақталуын күнделікті жұмыс барысында еңбек қорғау шаралары аясында қадағалап отырамыз, – дейді сектор басшысы.

Ал қадағалау тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Басшылардың нормативтері кезінде де сектор қызметкерлері бірге еріп жүреді. Жұмыс киімімен қамтамасыз ету жайын да бақылауда ұстайды. Жұмыс орнын аттестациялау да басты міндет.

– Экология бойынша айтар болсақ, өндірістен шыққан қатты тұрмыстық қалдықтар, шлактар болады, қауіпті қалдықтар болады, олардың өзінің сақталу әдістемелері бар, соны сақтау керек. Солардан келетін зардапты азайту, айыппұлдарын төлеу мәселелерін реттеу біздің құзырымызда, – дейді Б.Ахметжанов.
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті