«Нұрлы жол» вокзалының қызметкері волонтер ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласады

Әлеумет
13.09.2021, 08:04
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Әдетте волонтер десе көз алдымызға жастар елестейді. Бірақ волонтерлік жас таңдамайтын қайырымдылық іс екені белгілі. Теміржолда 28 жылдық тәжірибесі бар, бүгінде «Нұрлы жол» вокзал кешенінің кезекшісі Гүлхан Оңғарова ерікті ретінде жастармен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Жақында «Нұрлы жол» вокзалы кешенінде басшылықтан «Балаларды мектепке жинайық» акциясына үлес қосуға шақырған үндеу түскен бойда вокзал кезекшісі Гүлхан волонтер ретінде көмек көрсетуге белсене кірісті. Теміржолда 20 жасынан бастап қызмет істеп келе жатқан ол барша әріптестерін ортадан ақша жинап, аз қамтылған отбасыларға көмектесуге шақырды. Оладың бұл әрекеті бірнеше отбасының балаларына қуаныш сыйлады.

– Мамандығымды өте құрметтеймін және сүйемін. Теміржолшы отбасында туып өскен соң бала кезден осы салада оқып, жақсы маман боламын деп армандайтынмын. Аллаға шүкір, арманым орындалып, сүйікті жұмысымды атқарып келемін. Негізгі міндетіме қосымша қоғамдық жұмыстарды атқарудан да бас тартпаймын. Былтырдан бері елімізде жанданған волонтерлік іске де өз үлесімді қосып жүрмін, соған өзім ризамын. Волонтер болу тек жастардың ісі емес, жүрек қалауы, – дейді Гүлхан.

1993 жылы Алматы темір жол техникумын бітірген ол Қазақ жол қатынастары университетінде қашықтан жоғары білім алған. Еңбек жолын Алматы-2 станциясында техникалық кеңсе операторы болып бастаған. Бүгінде елордадағы еңселі вокзал кешенінде жұмысын жалғастыруда. Биылғы теміржолшылар мерекесі Гүлхан Оңғароваға қуаныш сыйлады. Оның көп жылдық қажырлы еңбегі бағаланып, Ұлттық компания басшылығы атынан ол «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті