Шымкент теміржол вокзалындағы бағаналы сағат 9 жылдан соң қайта жөнделді

Әлеумет
13.09.2021, 10:01
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен сандарында Шымкент қаласының теміржол вокзалындағы қоғамдық сағаттың жөндеуден өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Аталған сағат – қаладағы жалғыз қоғамдық «бигбэн». Шымкентке пойызбен келген жолаушы вокзалдан шыққан кезде гүлденген айналма жолдың ортасынан қаланың маңызды элементін көреді. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, қазіргі таңда сағаттың жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сағат беті қаланың логотипінің бейнесіне ауыстырылды. Бұл төрт бағытқа қараған сағат қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасқанын айшықтайды. Бағанның түбінде әр жағынан жануарлар орналасқан. Ол әлемнің төрт бағытын көрсетеді: жылқы солтүстікке, түйе оңтүстікке, балық шығысқа және тауық батысқа қарайды. Қала көркін айшықтап тұрған нысанды күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты назарда. Қоғамдық сағат соңғы рет 2012 жылы жөндеуден өткен болатын. Келген-кеткен жолаушы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп тұратын сағат – шымкенттіктердің сүйікті атрибуты.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты