«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы - атыраулық теміржолшылар әулеті
Қазақстанда 2013 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып өтеді. Мақсат – отбасы институтын дамыту мен оның құндылықтарын насихаттау. Осыған орай үлгілі отбасылардың беделін арттырып, құрмет көрсететін «Мерейлі отбасы» республикалық байқауын өткізу дәстүрге айналған. Атыраулық теміржолшылар отбасы биылғы байқаудың жеңімпазы атанды.
Құрметті теміржолшы Құрманбек Кенжешов Исатай ауданында тұрады. Жол дистанциясында 44 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагердің өмірлік жары Гүлден Мұхамеджанова да теміржолда еңбек еткен.
«1971 жылы әскерден оралған соң теміржолға жұмысқа кірдім. Ганюшкиндегі жол дистанциясында қатардағы жол жөндеуші болып екі жыл еңбек еткен соң басшылар Жамбыл қаласына 11 айлық курсқа жіберіп, білімімді көтеріп келдім. Содан зейнетке шыққанша тынбай тер төгіп, осы саланың отымен кіріп, күлімен шықтық қой, шүкір, абыройсыз болмадық, Құрметті теміржолшы атандым», – дейді отағасы Құрманбек Кенжешов.
4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген ерлі- зайыпты теміржолшылар – бүгінде жиырмаға жуық немере-шөберенің ата-әжесі атанып отырған берекелі де мерекелі үлкен шаңырақ иелері.
«Қайын атам соғысқа қатысқан кісі еді. Тұңғыш немересі өмірге келгенде, қуанышында шек болмады. Ал енеміз мені қызындай көрді, білмегенімді үйретті, ақыл-кеңесін берді. Екеуі де «қайырымды, қарапайым болыңдар, бірлік бар жерде бәрі болады» деп отыратын. Осының бәрі өнеге екен ғой. Қазір мен де келіндерімді қызымдай көремін, енемнен көргенімді жасаймын, айтқанын қайталаймын. Бір үйде екі бала-келінмен бірге тұрамыз», – дейді Гүлден Мұхамеджанова.Ерлі-зайыпты теміржолшылардың балалары әр салада жұмыс істейді. Әке-шешесінің еңбек жолын ұлдары Асылбек жалғаған. «Теміржолда 2006 жылдан бері вагон қараушы болып жұмыс істеймін. Бұл саланы таңдауыма әке-шешемнің ықпалы болған шығар. Олардың абыройлы еңбек жолын жалғастыру – парызым», – дейді ұлы Асылбек. Байқауға қатысуға ауылдық округ басшылығы ұсыныс білдірген. Сөйтіп олар аудандағы 8 отбасының арасынан үздік шығып, облыс көлемінде 50 отбасы арасында бақ сынады. Байқауға отбасы туралы деректер мен арнайы түсірілген видео жіберілген. Ақыры өңірден үздік шығып, республикалық байқауға жолдама алған. Биыл онлайн түрде өткен байқаудың ерекшелігі – 17 облыстан қатысқан 17 отбасының бәрі лауреат атанып, бірдей деңгейде бағаланған. Олардың бәрі 10 қыркүйекте Президент әкімшілігі хатшылығымен онлайн түрде тікелей эфирге қосылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сол кезде өткізілген. Барлық отбасылар ҚР Президенті атынан Дипломға және бағалы сыйлықтарға ие болған.
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды