Қызылорда теміржолшыларының арасында ковидке қарсы вакцина алғандардың үлесі 90%-дан асты

Әлеумет
23.09.2021, 11:09
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақта қалыптасқан эпидемиялық ахуалға орай бөлімше теміржолшылары жаппай екпе алу жұмысына бір кісідей атсалысып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына үлес қосты. Бүгінгі күнгі ақпар бойынша бөлімше еңбеккерлерінің тоқсан пайыздан астамы вакцина алды. Қызылорда ЖТ қосалқы бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы Жанар Ибрагимованың ұсынған мәліметінше, мәселен, Қызылорда локомотив пайдалану депосы теміржолшыларының 99,2 пайызы, Қазалы вагон пайдалану депосы, Сексеуіл станциясы ұжымының 94,9 пайызы және ЖТ жеке құрамының 92,4 пайызы екпенің екі кезеңін салдырған.

– Қыркүйек айының алғашқы жартысындағы жағдай бойынша бөлімшедегі теміржошылардың 87,9 пайызы тұрғылықты жерлеріндегі дәрігерлік пункттерден екпе алды. Дегенмен карантиндік шаралардың қатаңдатуына байланысты жұмыс барысындағы сақтық шаралары еш бәсеңдеген жоқ. Жұмыс кезінде толық сақталуда, – деді кадр бөлімінің бастығы Жанар Ибрагимова.

Сонымен қатар Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша да екпе салдыру жұмысы 94,2 пайызға жеткізілген. Бұл бөлімшедегі мекемелер арасында Қаламаңы тасымалы филиалы, Көпсалалы қызмет көрсету орталығы және Бірінші қолдау желісі бөлімі Қызылорда мекемелерінің теміржолшылары 100,0 пайыз екпе салдырса, ӘТЖК мен Жолаушылар тасымалы филиалының 90,4 пайызы вакцина салдырған. Жалпы қазіргі таңда күнделікті жұмысқа қосылып жүрген теміржолшылардың барлығы екпе салдырған, тек белгілі бір медициналық шектеумен рұқсат берілген санаттағы теміржолшылардың ғана екпе алуы кейінге қалдырылған. Жалпы, аймақ халқы бүгінде вакцина індетті жеңуде басты қару екенін жақсы түсінген, сондықтан жаппай екпе алуға ден қойған.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда