Семейде қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсететін бөлме қайта жаңарды

Әлеумет
30.09.2021, 12:26
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша теміржолшыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдаудың бірқатар түрлері қолға алынған. Соның ішінде сала қызметкерлерінің өмір сапасын арттырып, психологиялық жәрдем көрсету алғашқы орында тұр. Осыдан бірер жыл бұрын теміржолшылар үшін ерекше нысан – психологиялық жеңілдену бөлмесі ашылған болатын. Жуырда ол жергілікті салалық кәсіподақ ұйымының қолдау көрсетуімен күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңарды. Қосымша құрал-жабдықтар алынып, әрленіп, сырланды. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану мен бұқаралық спортта белсенділік танытып жүрген үздіктердің фотосуреттерінен арнайы стенд жасалды.

– Қызметі аса жауапты мамандық иелері үшін күйзелістен арылып, жүйкеге түсер психологиялық салмақтан жеңілдену үшін мекеме жанынан арнайы бөлме ашу дамыған елдердің тәжірибесінде бар. Ол қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, жеке өмірлеріне, денсаулықтарына да оң әсерін тигізеді. Ол – ғылыми тұрғыдан дәлелденген жайт, – дейді бөлімшенің аға спорт нұсқаушылары Наталья Мешкова.

Осылайша, ашылғанына төрт жылға жуықтаған психологиялық жеңілдену бөлмесі қайта жаңғыртылды. Бұған дейін мұнда барша теміржолшылар бос уақыттарында жиналып, гимнастикалық жаттығулармен шұғылданатын еді. Сонымен қатар, барлық жастағылар үстел теннисін, бадминтон, дартс және тақталы ойындардың барлық түрлерін ойнай алатын болса, ендігі аралықта қыз-келіншектер йогамен шұғылданып, тіпті фитнеспен де айналыса алады. Сондай-ақ, жай ғана шәй ішіп, өзара әңгімелесіп, аға буын ардагерлердің ақылын тыңдап қайтуға да болады. Жеңіл атлетикамен айналысу мүйісі де қайта жабдықталыпты. Онда қан айналымы мен жүйке жүйесі қызметін жақсарту үшін гимнастикалық жаттығулар жасаудың мүмкіндігі артқан. Келушілерге бөлімшенің аға спорт нұсқаушылары Наталья Мешкова мен Жанат Мойынбаев кеңес береді. Яғни, психологиялық жүктемеден, стресстен арылтып, өмірге, кәсіби қызметке деген құштарлықты арттыратын, депрессиядан арылтатын ерекше әдіс-тәсілдер, спорттық жаттығулар ұсынылады.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады