Адагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Әлеумет
01.10.2021, 13:26
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қарияға қамқор болу – барлық қоғамның міндеті. Ал үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – біздің ата салтымыз. Қызылорда ардагерлер кеңесінде бүгінде 600-ге жуық зейнеткер есепте тұр. Ардагерлер кеңесі бөлімше басшылығы мен кәсіподақпен тығыз байланыста жұмыс істеп, зейнеткердің хал-ахуалын үнемі назарда ұстап, олардың тиісті әлеуметтік көмекті алып, сауықтыру орындарына жолдама бөлінуін де қадағалап отырады, ешқайсысы назардан тыс қалған емес. Жуырда ардагерлер кеңесіне жаңа төраға сайланды. Арнайы өткен жиынға Ақтөбе ЖТ бөлімшесі-Қызылорда қосалқы бөлімі бастығы Батырхан Базарбаев, орынбасары Абсұлтан Ерманов, бас инженер Күлхан Белкібаев, кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов, «Теміржол» партия филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаева қатысып, аймақ теміржолының дамуына үлес қосқан ардагерлердің әңгімесіне, мұқтаждықтарына құлақ түріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жиында бөлімшенің локомотив пайдалану бөлімінде басшылық жұмыс атқарып зейнетке шыққан Ораз Өмір- зақовты ардагерлер ұйымының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тауып, ұйымның алдағы уақытта атқарар жұмысы жайлы ұсыныстар айтылды. Жолдыбай Ысқақов, Аманжол Әлімбаев, Атымтай Игебаев кеңес жұмысына оңтайландыруға қатысты өз ойларымен бөлісті.

– Қазіргі эпидемиялық ахуалға байланысты екі адамның басын қосып жиын өткізе алмайтын жағдайда қалдық. Дегенмен бүгін ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлаумен қатар, құрылымдық өзгерістерге байланысты жабылып қалған мекемелердің 292 зейнеткерін қайтадан бөлімше есебіне алу жайлы ардагерлердің ұсынысын оңтайлы шешу жолдарын қарастырып жатырмыз, – деген Қызылорда қосалқы бөлімі бастығы Батырхан Базарбаев ардагерлерді қарттар күнімен құттықтап, кеңес жұмысына сәттілік тіледі. Бөлімше басшылығы өз кезегінде қолдан келген көмекті аямайтынын жеткізді.

Жиын соңында алдағы мереке құрметіне ардагерлерге алғыс хат беріліп, бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан азық-түлік себеті таратылды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда