Қызылордада теміржолшылар отбасының балалары арасында сурет салудан байқау өтті

Әлеумет
13.10.2021, 10:52
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекеме теміржолшыларының 10 жасқа дейінгі бүлдіршіндері арасында «Кәсіподақ – қол- даушы күш», «Алтын күз» және «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыптарындағы сурет байқауы мәреге жетті. Жүлдеге ие болған бөлімше телімдерінде тұратын балалардың жүлдесі станциялардағы мекемелерге жөнелтіліп, иелеріне табысталады. Бүлдіршіндердің көзімен кәсіподақтың жұмысын, қазыналы қарттардың мейірімі мен күз маусымын бейнелеуге жарияланған бәйгеге 20 бала қатысып, 28 туындыны жолдапты. Жиын кәсіподақтар күні қарсаңына сәйкес келгендіктен бөлімше басшылығы кәсіподақ ұйымының белсенділеріне сыйлық жасап, алғыс білдірді. Отбасылық құндылық, ата-анаға құрмет секілді ілтипат сезімді қылқаламмен бейнелеген бүлдіршіндердің туындыларының ішінен ең жақсысын таңдау қиын болған. Ата-аналардың сурет салып отырған баласын бақылауы, сурет салынуына көмектесуі – бәрі-бәрі бейнероликке түсіріліпті. Алдағы уақытта осы роликтер кәсіподақ чатына салынады екен.

– Бөлімшеміздің кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс істейді. Олар білім күнінде де, қарттар күнінде де үлгі бола білді. Енді бүгін жастарға ақсақалдарымыздың еңбегін үлгі етіп насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға үлес қосу, оларды жақсылыққа баулу шараларын қадағалау, теміржолшылардың отбасындағы татулықты бейнелеу өнері арқылы көрсету мақсатындағы жұмыстары нәтижеленіп отыр. Алдағы уақытта да кәсіподақ ұйымының осындай игі шараларды ұйымдастыруына қолдау білдіреміз. Ата-аналарыңыз секілді үлкен жетістіктерге жетіп, болашағымыздың іргесінің бекем болуына атсалысыңыздар, – деп кәсіподақ ұйымына табыс тілеген Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ибраким Басықараев балаларға батасын берді.

Бөлімшенің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Ерманова суреттердің бәрі керемет салынғанын айтады. Тіпті Айнат Қуантаев деген бүлдіршін бояуды саусақ ұшымен қағазға түсіріп, жапырақтарды бедерлеген.

«Біз бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне қарай, бәріне бірдей сыйлық алып, бір-бір қол сумкасын әзірледік. Оның ішіндегі сурет салуға арналған құралдардың алдағы уақытта да балаларға көмегі тиетініне сенімдіміз», – дейді ол.
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда