Қазақ күресінен өткен жарыста атбасарлық балуанның бағы жанды

Спорт
22.12.2021, 10:24
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Қазкөліккәсіп» ҚБ Ақмола филиалының ұйымдастыруымен Көкшетауда қазақ күресінен жарыс өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Бурабай курорты, Жаңаесіл, Тайынша, Атбасар станция-ларындағы теміржол мекемелерінің теміржолшылары қатысқан қазақша күресте бағын сынамақ болған жастар қатарында Атбасар станциясының вагон қараушысы Нұрсұлтан Қонысов та болды. Жауырыны жерге тимеген кешегі Қажымұқан мен Балуан шолақтың ұрпақтары ортаға шығып, белдесуге белдерін бекем буып келгендерін байқатты. Бірақ, жарыстың аты жарыс. Онда біреудің асығы алшысынан түсіп жатса, екіншісінің бабы келмей, жеңіліске ұшырап жатады. Біздің кейіпкеріміз Нұрсұлтан біріншілердің қатарынан. Қарсыластарын қапсыра құшақтап, бірінен соң бірін жамбасқа лақтырып, жауырындарын жерге тигізген балуан 80 келі салмақ бойынша чемпион атанды. Отбасылы, екі баланың әкесі Нұрсұлтан күреспен 8 жасынан бері айналысып келеді екен. Осыған дейін де талай жарыстарға қатысып, жүлде алған жігіт қазақтың байырғы спорт өнерінің теміржолшылар арасында кең тарағанын қалайды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты