Теміржолшылардың отбасына арналған футбол алаңы ашылды

Спорт
18.11.2022, 10:27
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау өңіріндегі Мақат кентіне қарасты Локомотив шағын ауданында теміржолшылар мен олардың отбасыларына арналған футбол алаңы пайдалануға берілді.

Биыл жазда «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ төрағасы мен Мақат кенті әкімі Теміржолшылар, олардың отбасы мүшелері мен кент тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау мәселелері қамтылған меморандумға қол қойған болатын. Және де аталған құжат аясында Мақат кенті, Локомотив шағын ауданынан жер телімі бөлініп, ашық шағын футбол алаңын салу қарастырылған еді. Тапсырыс беруші – «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігі болса, құрылыс жұмыстарын «Атырау теміржолсу» ЖШС атқарды.  

Алаңның ашылу салтанатына Мақат кентінің әкімі, «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұйымдастырушылық жұмысы және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Нұрлан Нұрпейісов, «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС бас директорының корпоратив мәселелері жөніндегі орынбасары Досбол Кулекеев және аталған серіктестіктегі кәсіподақ төрағасы Ермек Төлегенов, Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Самат Құлмаханов, ардагер теміржолшы Амандық Ақмурзин қатысып, теміржолшыларды құттықтады. 

 

– Құрметті әріптестер! Бүгін көп тілегі қабыл болған қуанышты күн. Сіздерді жаңа футбол алаңының ашылуымен құттықтаймын, игіліктеріңізге пайдаланыңыздар. Бұл – ҚТЖ компаниясының халықтың әлеуметтік жағдайына, денсаулығына үнемі көңіл бөлетіндігінің бір айғағы. Орталық кәсіподақ кеңесі атынан Мақат кенті әкімдігіне, мердігер мекеме «Атырау теміржолсу» мекемесіне және жергілікті теміржол кәсіподақ ұйымы өкілдеріне алғысымызды білдіреміз. Бұл – негізінен солардың бастамасымен жүзеге асырылған жоба. Жаңа алаңда денсаулықтарыңызды шыңдаңыздар, спорттық шараларға қатысыңыздар. Бұқаралық спорт дами берсін! – деген Нұрлан Нұрпейісов құттықтау сөзінен соң «Атамекен» әнін орындап, халық ықыласына бөленді.  

Кент әкімі Е.Ермағамбетов өз атынан спорт алаңының салынуына зор үлес қосқан «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы О.Ахметбаев пен ауыл кәсіпкері Т.Өтебаевқа Алғыс хат табыс етті. Салтанатты шара соңында Мақат локомотив депосы мен Мақат станциясының футбол командалары арасында жолдастық кездесу өтті.  

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды